Қазақстан құрамасы — Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті, — деп хабарлайды vesti.kz сайты.

Қазақстан футбол федерациясы таратқан ақпарат бойынша, еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды.

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен ғана тең ойнап, 1 ұпай жинады. Жаттықтырушы тұсында команда бірде-бір гол соқпады. Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.

Аустрия мен Словенияға қарсы ойнайтын футболшылардың тізімі жарияланды
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазан айында өтетін Аустрия және Словения құрамаларына қарсы матчтарға шақырылған ойыншыларының нақты тізімін жариялады.

Нақты тізімге 28 футболшы енді. Оқу-жаттығу жиыны 5 қазан күні Аустрияның Кремс қаласында басталып, 9-на дейін жалғасады.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Стас Покатилов («Тобыл»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Роман Асранкулов («Тобыл»), Лев Скворцов («Шинник», Ресей), Асхат Балтабеков («Жетісу»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – «Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Аслан Дарабаев («Елім-ай»), Бақтияр Зайнутдинов («Бесіктас», Түркия), Ислам Чесноков («Тобыл»), Андрей Ульшин («Қайрат»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Жан-Әли Пайруз («Елім-ай»), Артур Шушеначев («Сочи», Ресей).

Оқу-жаттығу жиыны 5 қазан күні Аустрияның Кремс қаласында басталып, 9-на дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы қазан айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 10 қазан күні ұлттық құрама сырт алаңда Аустриямен кездеседі. Матч Линц қаласының «Райффайзен Арена» стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен сағат 23:45-те.

Үш күннен кейін біздің команда Словенияны қабылдайды. Ойын Алматының Орталық стадионында сағат 18:00-ге жоспарланған.

Көшпенділер ойыны: Қазақстан үшінші жарыс күні неше медаль еншіледі?
Қазақстан ұлттық құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші жарыс күнін 7 алтын, 7 күміс, 9 қола медальмен аяқтады, – деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметі.

«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өткен жамбы ату спортының Түркі стилінен алтын жүлдені Ералхан Айкөз, ал қола жүлдені Айтбек Сарыбай жеңіп алды. Күміс жүлдені түркиялық Керем Игит еншіледі. Жарыстың екінші күнінде ұлттық құраманың үш бірдей спортшысы Азия стилінен жүлделі орындарға ие болған еді.

Аударыспақтан Сырым Ізбасаров (100 келі) моңғолиялық спортшы Ерболат Жеңісбекті жеңіп, алтын жүлде алды. 100 келіден жоғары салмақта Біржан Қосалиев Қырғызстан спортшысы Кумушбек Қыдырәлиевтен басым түсіп, алтын жүлдеге ие болды. Ал 90 келі салмақ дәрежесінде Есімхан Рахматіллә күміс жүлде еншіледі. Ол Қырғызстан спортшысы Ислам Бердібекуулынан жеңілді. Ұлттық құрама спортшылары аударыспақтан жалпы есепте бес алтын, бір күміс еншіледі.

«Арғымақ» ат-спорт кешенінде дәстүрлі садақ атудан «Қалқан» нысанасынан өткен бәсекеде Ербол Тәпенов күміс жүлдеге, ал Қасымхан Қанат қола жүлдеге ие болды. Бұл – Қасымханның Көшпенділер ойындарындағы екінші қола медалі. Екінші жарыс күнінде «Пута» нысанасы бойынша Жәнібек Құлмырзаев алтын, Айкөркем Батихан қола жүлде алған болатын.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен ерлер мен әйелдер әрқайсысы төрт салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қазақстандық балуандар екінші жарыс күні 4 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде иеленді. Әйелдер арасында Зарина Сарипова (65 келі) мен Роза Нысантайқызы (70 келі) алтын жүлде алды. Зәмзәгул Файзолланова (77 келі) күміс жүлдеге, Альбина Бахиева (+77 келі) қола жүлде алды. Ерлер арасында Ерсұлтан Мұзаппаров (100 келі) пен Нұрдәулет Жарылғапов (+100 келі) алтын жүлде алды. Ерасыл Жанатаев (90 келі) қола жүлде еншіледі. Қазақстанық балуандар қазақ күресінен барлығы 15 медаль алды: 12 алтын, 1 күміс, 2  қола.
Айта кетсек, жарыстың бірінші күні боз кілемде күрескен 8 қазақстандық спортшының барлығы да жеңістің биік тұғырына көтерілген болатын.

«Алау» мұз айдыны сарайында өткен кураштан екінші жарыс күнінде 7 балуан жүлде алды. Ерлер арасында Ернұр Сүлейменов (60 келі), Айбек Қазақбаев (66 келі), Нұрдін Шаймерден (73 келі), әйелдер арасында Толғанай Абеуова (57 келі) күміс жүлдеге ие болды. Марат Нигматуллаев (60 келі) пен Әділет Ахметғали (73 келі), әйелдер арасында Алтынай Нұрханова (57 келі) қола жүлдеге ие болды. Осылайша, ұлттық құрама курашты 13 жүлдемен (1 алтын, 6 күміс 6 қола) қорытындылады.

Саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингтен ерлер арасында 105 келі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Ерлан мен 75 келі салмақ дәрежесінде Ольга Душаева қола жүлдегер атанды. Ұлттық құрама спортшылары Көшпенділер ойындарын төрт қоламен аяқтады.

«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпардан іріктеу кезеңінде Қазақстан АҚШ құрамасын 16:4 есебімен жеңді.

Асық ату мен бес асықтан Қазақстан құрамасы финалға шықты. Финалдық ойындар 11 қыркүйек күні «Алау» мұз айдыны кешенінде өтеді.

Үшінші жарыс күні қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы айқын көш бастап келеді. Отандастарымыздың еншісінде 21 алтын, 10 күміс, 17 қола медаль бар. Екінші орындағы Қырғызстан құрамасы 7 алтын, 9 күміс, 7 қола медаль еншілеген. Үштікті 24 медальмен Өзбекстан құрамасы (7 алтын, 8 күміс, 9 қола) түйіндеп тұр.

“Осы үшін сазайымызды берді“. Оразов Словениямен матчтағы қателік жайлы айтты
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Ұлттар лигасы топтық кезеңіндегі Словениямен матч туралы айтып берді.

Люблянда өткен кездесуде Станислав Черчесов жаттықтыратын команда 0:3 есебімен ұтылды.

«Бұл ойын туралы не айтарымды білмеймін. Өзімізден мүлде басқа ойын күттік. Бапкердің қойып бергенін орындамадық. Мұндай жеңілісті қабылдау ауыр. Меніңше, қателікті өзімізден іздеу керек, осы матчті сараптап, қателіктермен жұмыс істеу қажет. Біз бүгін қателеспейтін жерлерде көп қателестік, болмайтын сәттерде. Қарсылас осы үшін сазайымызды берді», — дейді Оразов.

Словения – Қазақстан ойынын қайдан көруге болады?
Бүгін түнде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасындағы екінші ойынын өткізеді. Сырт алаңда Словениямен ойнайды, – деп хабарлайды msports.kz.

Матч Люблянадағы «Сожице» стадионында өтеді. Қазақстандағы уақытпен сағат 23:45-те басталады. Тікелей эфирде QazSport арнасы хабар тарататын болады.

Тікелей эфир сілтемесі

Словения – Қазақстан ойынына португалиялық төреші Жоау Пинейра қазылық жасайды.

Топтағы екінші жұпта Норвегия мен Австрия құрамалары кездеседі.

Айта кетейік, топтағы бірінші турда құрамалар тең ойнады. Қазақстан Алматыда Норвегиямен 0:0 есебімен ойнаса, Австрия мен Словения 1:1 нәтижесімен тарқасқан болатын.

Қазақстан көкпардан Өзбекстан құрамасына бірде-бір салым салдырмады
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан көкпаршыларын 16:00 есебімен жеңді, деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

Бірінші таймда қазақстандық көкпаршылар 8:0 есебімен алда келе жатты. Екінші таймда есепті 16:00-ге жеткізді.

«Қарсыласымызды өте жақсы білеміз. Өзбекстанға барғанда ойнағанбыз. Аттарымызды барынша дайындадық. Жеңіске жетуге барымызды салдық», – деді көкпардан ұлттық құрама спортшысы Құрманбек Тұрғанбек

«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.

Финалдық ойындар 12 қыркүйекте өтеді.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Аргентинаны ұтып кетті
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда Аргентинаны ұтты. Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен матчта отандастарымыз 3:2 есебімен басым болды, – деп хабарлайды msports.kz тілшісі.

Ойында Қазақстан құрамасы сапында Дәурен Тұрсағұлов (7-минут), Ақжол Дәрібай (10-минут) мен Арнольд Кнауб (16-минут) гол соқты. Әлем чемпионы атағына ие аргентиналықтар 30-минутта екі голмен жауап қатты.

Футзалдан Аргентина құрамасы 2016 жылы әлем чемпионы болған. 2021 жылы күміс еншілеген.

Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионаты алдындағы соңғы жолдастық кездесуін өткізді. 10 қыркүйекке дейін оқу-жаттығу жиынын пысықтайды.

Ұлттық құрама әлем чемпионатындағы бірінші ойынын 15 қыркүйек күні Испанияға қарсы өткізеді. Сондай-ақ топта Жаңа Зеландия мен Ливия құрамалары бар.

«Уақыт жетпейді»: Станислав Черчесов ұлттық құраманың алдағы ойындарға дайындығы туралы айтты
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов команданың Норвегияға қарсы матчқа дайындығы жөнінде айтты.

«Жігіттер біртіндеп жиналып жатыр. Зайнутдинов пен Айымбетов ұшып келді. Скварцов та қатарға қосылды. Ертең толық құрамда алғашқы жаттығуды өткіземіз. Жоспар бойынша барлығын орындап жатырмыз. Кейбір элементтерге аз көңіл бөлудеміз, өйткені уақыт жетпейді. Рамазан Оразовқа қатысты сұрақтар болды, ол МРТ жасайды, сонан соң оның аяғы жайлы толық білетін боламыз. Кусяпов келе алмады. Ал Самородовты қалыпқа келтіруге тырысып жатырмыз. Мұндай жағдайда кез-келген ойыншы біз үшін қымбат», — деді Станислав Черчесов.

Сондай-ақ ұлттық құраманың бас бапкері Норвегияға қарсы ойынға тыңғылықты дайындалып жатқанын айтты.

«Қарсыластарды қарап шықтық. Жақсы ойыншылардан жасақталған, бірақ қарсылас туралы аз ойлағым келеді, өйткені ең маңыздысы – біздің команданың дайындығы. Кез-келген қарсыласқа дайын болу үшін тиянақты жұмыс істеуіміз керек. Біз дұрыс жоспар құруға тырысамыз, ал жасыл алаңда тапсырманы орындайтын футболшылар. Басқа не дейін? Қолдау күтеміз, өз алаңымызда өтетін ойындарда жанкүйерлердің қолдауы маңызды», — деді Станислав Черчесов.

Айта кетейік, қыркүйекте Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. Норвегиямен ойын 6 қыркүйекте сағат 19:00-де Алматының «Орталық стадионында» өтеді.

Мырзағали Айтжанов бастаған 10 жаттықтырушы қызметінен босатылды
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов пен өзге де мамандар қызметінен босатылды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.

Қазақстан бокс федерациясының шешімі ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданған.

Қазақстан боксында кадрлық өзгерістер орын алды. Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізіліп, ерлер құрамасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді. Осылайша келесі өзгерістер жайында хабарлаймыз:

1. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды.
2. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, — деп жазылды ресми хабарламада.

Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Олимпиада аяқталды. Қазақстан нешінші орын алды?
Франция астанасы Парижде ұйымдастырылған XXXIII жазғы Олимпия ойындары аяқталды. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте 43-орынға тұрақтады.

Ел қоржынына алтын жүлдені дзюдодан 60 килоға дейінгі салмақта өнер көрсеткен Елдос Сметов салды. 2016 жылы Рио Олимпиадасында – күміс, 2021 жылы Токиода қола алған отандасымыз Парижде Олимп шыңын бағындырды. Осылайша отандасымыз Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ дзюдошысы атанды.

Гимнаст Нариман Құрбанов, балуан Демеу Жадыраев (77 кг) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 кг) Олимпиаданың күміс жүлдесін олжалады.

Грек-рим күресінің палуаны Демеу Жадыраев Олимпия ойындары тарихында араға 20 жыл салып осы спорт түрінен финалда белдесті. Ал Нариман Қазақстан гимнастика тарихында Олимпиадада медаль алған тұңғыш спортшы атағына ие болды. Нұрбек Оралбай бокстан Олимпиада тарихындағы 26-шы жүлдені ел қоржынына салды.

Ислам Сәтпаев пен Александра Ле (нысана көздеуден аралас жұптық сын), дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) және боксшы Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Жалпыкомандалық есепте АҚШ құрамасы көш бастады. Олар 40 алтын, 44 күміс, 42 қола медальмен соңғы сәтте Қытайды басып озды. Қытайлықтар 40 алтын, 27 күміс, 24 қоламен екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті 20 алтын, 12 күміс, 13 қола медаль иеленген Жапония құрамасы түйіндеді.

Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасының 78 атлеті 25 спорт түрінен сынға түсті. Соның ішінде 54-і алғаш рет Олимпиадаға қатысты. Сонымен қатар Париждегі дүбірлі додада жалпы 91 елдің спортшысы жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Айта кетейік, келесі жазғы Олимпия ойындары 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді.