Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина «Уимблдон» турниріндегі алғашқы матчын өткізді, — деп хабарлайды Dodatimes.kz.
Рыбакина алғашқы айналымда румыниялық теннисші, әлемнің 152-ракеткасы Елена-Габриэла Русемен ойнады. Қарсыласын екі сетте 6:3, 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіп шықты. Осылайша «Үлкен дулыға» санатына енетін жарысты сенімді жеңіспен бастады.
1/32 финалда неміс қызы Лаура Натали Зигемундпен кездеседі.