Пятница, 25 июля, 2025
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
Футбол жаңалықтары
No Result
View All Result

Қарағандыда Қазақстанның үздік боксшы қыздары анықталды

Қарағандыда Қазақстанның үздік боксшы қыздары анықталды

olympic.kz

Share on FacebookShare on Twitter

Әйелдер боксынан Қарағандыда ұйымдастырылған «Мықтылар турнирі» аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша әр салмақтағы үздік боксшы қыздар белгілі болды, — деп хабарлайды msports.kz сайты. 

Бокс бәсекесіне Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай қатысқан жоқ. Сондай-ақ Карина Ибрагимова да демалыс алған. Құрамадағы өзге боксшы қыздар турнирде бақ сынады. 

Оқи отырыңыз

Жәнібек Әлімханұлы Канелоны жекпе-жекке шақырды

Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан жалпы есепте топ жарды

«Мықтылар турнирінің» маңызы жоғары болды. Жарыс қорытындысы бойынша Йорданиядағы Азия чемпионатына қатысатын боксшы қыздар құрамы жасақталатын болады. 

Бірнеше салмақ дәрежесінде Ресей құрамасының да мықты боксшы қыздары қатысты. Бұл отандастарымызға тәжірибе болды әрі бәсекелестікті арттырды. 

Жарыстың басты жаңалығы – қыздардың бас киімсіз жұдырықтасуы. Нәтижесінде халықаралық жаңа ереже бойынша өткен турнирде жарақат алғандар да көп болды. Тіпті екі бірдей финалдық жекпе-жек өтпеді. 

Қыздар бірінші рет бас киімсіз жұдырықтасып жатыр. Сондықтан болар жекпе-жек барысында жарақат алып қалғандар көп болды. Бас киімсіз жұдырықтасқанда қалай қорғану керектігін әлі жете түсінбегеннен шығар деп ойлаймын. Азия біріншілігіне дейін осы тұрғыда барынша жұмыс атқарамыз. Жаттықтырушыларға да арнайы тапсырмалар беруде. Бас киімсіз жұдырықтасу әйел затына оңай емес. Бірақ, талап солай болды. Енді соған бейімделіп, жаңа ережеге бағынуға тура келеді, — деді құраманың бас жаттықтырушысы Елдос Сайдалин. 

Жарыс қорытындысы бойынша 12 салмақ дәрежесінің 5-де Алматы қаласының боксшы қыздары жеңімпаз атанды. 

48 келі — Әйгерім Сәттібаева (Жамбыл облысы)
50 келі — Алуа Балқыбекова (Алматы)
52 келі — Жазира Орақбаева (Алматы)
54 келі — Әнел Сақыш (Алматы)
57 келі — Виктория Байдукова (Жамбыл облысы)
60 келі — Виктория Графеева (Алматы)
63 келі — Аида Абикеева (Қарағанды облысы)
66 келі — Милана Сафронова (Қарағанды облысы)
70 келі — Ангелина Витова (Ресей)
75 келі — Елена Гапешова (Ресей)
81 келі — Гульсая Ержан (Қызылорда облысы)
+ 81 келі — Эльдана Талипова (Алматы)

Тегтер: әйелдер боксыбоксҚарағанды 2024мықтылар бәсекесі

Ұқсас жазбалар

Жәнібек Әлімханұлы Канелоны жекпе-жекке шақырды
Бас тақырып

Жәнібек Әлімханұлы Канелоны жекпе-жекке шақырды

23.12.2024
Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан жалпы есепте топ жарды
Бокс

Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан жалпы есепте топ жарды

10.11.2024
Елеусінов 3 жылдан кейінгі ресми жекпе-жегінде техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Бокс

Елеусінов 3 жылдан кейінгі ресми жекпе-жегінде техникалық нокаутпен жеңіске жетті

30.09.2024
Олимпиадада жүлде күткен екі боксшы Шымкенттегі турнирге қатыспайды
Бокс

Олимпиадада жүлде күткен екі боксшы Шымкенттегі турнирге қатыспайды

27.09.2024
Мырзағали Айтжанов бастаған 10 жаттықтырушы қызметінен босатылды
Бокс

Мырзағали Айтжанов бастаған 10 жаттықтырушы қызметінен босатылды

22.08.2024
Нұрбек Оралбай Олимпиаданың күміс жүлдесін иеленді
Бокс

Нұрбек Оралбай Олимпиаданың күміс жүлдесін иеленді

08.08.2024
Тағы оқу

Ең көп оқылған

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

23.12.2024
Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

27.06.2024
Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

11.07.2024
Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

17.07.2024
Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

04.11.2024
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com

DODA Times сайты 2024 жылдың 16-тамызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінде № № KZ86VPY00098876 куәлігімен «Ақпараттық агенттік» болып тіркелді.

  • Бокс
  • Футбол
  • Футзал
  • Теннис
  • Дзюдо
  • Күрес түрлері
  • UFC
  • Жүзу
  • Хоккей
  • Қысқы спорт

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com