Суббота, 26 июля, 2025
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
Футбол жаңалықтары
No Result
View All Result

Париж Олимпиадасына Қазақстаннан 80 спортшы қатысады

Париж Олимпиадасына Қазақстаннан 80 спортшы қатысады
Share on FacebookShare on Twitter

Париждегі ХХХІІІ жазғы ойындардың басталуына 16 күн қалды. Бүгінде қазақстандық спортшылар Олимпиадаға іріктеу турнирлерін толық аяқтады. Франция астанасында спорттың 25 түрінен 80 спортшы ел намысын қорғайды, — деп хабарлайды ҚР ҰОК. 

Қазақстан құрамасы осыған дейін егемен ел ретінде 7 жазғы Олимпиада ойындарына қатысты. Сегізіншісінде 80 спортшы алып барады. Салыстырмалы түрде алғанда, бұрынғы Олимпиада ойындарынан азырақ.

Оқи отырыңыз

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

Олимпиада аяқталды. Қазақстан нешінші орын алды?

Қазақстан спортшылары арасынан Париж Олимпиадасының ең алғашқы жолдамасын мерген Ислам Сәтпаев жеңіп алды. Нысана көздеу шебері Әзербайжанның Баку қаласында өткен лицензиялық әлем чемпионатында үздік төртікке енген болатын. 

Содан бері қазақстандық спортшылар әлемдік және құрлықтық іріктеу турнирлеріне қатысып, Париждегі жазғы ойындардың жолдамасына таласты. Сондай-ақ рейтингілік жарыстар арқылы ұпай жинап, жолдама еншілегендер бар. Олай болса төмендегі деректерді ерекше атап өтуге  болады: 

• Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиадаға толық құрамда барады

• Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы тұңғыш рет жазғы ойындарға үш спортшыны апарады

• Брейкинг пен бадминтоннан Қазақстан тұңғыш рет Олимпиада жолдамасын иеленді. Брейкингтен Амир Закиров, бадминтоннан Дмитрий Панарин ел намысын қорғайды. 

• Әйелдер күресінен Қазақстан командасы тарихта тұңғыш рет Олимпиададан сырт қалды. 

• Семсерлесуден Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет командалық жарыста бақ сынайды. 

• Қазақстан тұңғыш рет гимнастиканың үш түрінен (батуттық, спорттық және көркем) жазғы Олимпиадада сынға түседі.

• Нысана көздеуден Қазақстан командасы тұңғыш рет алты спортшыны Олимпиадаға апарады. 

• Париж Олимпиадасына қатысатын 80 қазақстандық спортшының ішінде 54 атлет жазғы ойындарға тұңғыш рет қатысқалы отыр. 

• Қазақстан олимпиадалық құрамасының сапында жазғы ойындарға төртінші рет қатысатын екі спортшы бар. Олар – жеңіл атлет Ольга Сафронова мен академиялық есу шебері Владислав Яковлев.

• Елдос Сметов (дзюдо), Кирилл Герасименко (үстел теннисі) және Елена Потапенко (қазіргі бессайыс) Олимпиада ойындарына үшінші рет қатыспақ.

• 21 спортшы өз мансабындағы екінші Олимпиадаға аттанады. 

Ұқсас жазбалар

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті
Мақала

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

23.12.2024
Олимпиада аяқталды. Қазақстан нешінші орын алды?
Париж Олимпиадасы

Олимпиада аяқталды. Қазақстан нешінші орын алды?

14.08.2024
Батырхан Төлеуғали Олимпиаданың ширек финалына шыға алмады
Париж Олимпиадасы

Батырхан Төлеуғали Олимпиаданың ширек финалына шыға алмады

09.08.2024
9 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Олимпиада.Live

9 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

09.08.2024
8 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін кімдерден жүлде күтеміз?
Олимпиада.Live

8 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін кімдерден жүлде күтеміз?

08.08.2024
Нұрбек Оралбай Олимпиаданың күміс жүлдесін иеленді
Бокс

Нұрбек Оралбай Олимпиаданың күміс жүлдесін иеленді

08.08.2024
Тағы оқу

Ең көп оқылған

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

23.12.2024
Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

27.06.2024
Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

11.07.2024
Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

17.07.2024
Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

04.11.2024
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com

DODA Times сайты 2024 жылдың 16-тамызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінде № № KZ86VPY00098876 куәлігімен «Ақпараттық агенттік» болып тіркелді.

  • Бокс
  • Футбол
  • Футзал
  • Теннис
  • Дзюдо
  • Күрес түрлері
  • UFC
  • Жүзу
  • Хоккей
  • Қысқы спорт

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com