Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Станислав Черчесов Словениямен өтетін ойын алдындағы баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сұрағына жауап берді, – деп хабарлайды dodatimes.kz тілшісі.
Ресейлік маман Словенияға қарсы ойында нәтиже үшін ойнайтынын алға тартты. Сондай-ақ қарсылас команданың Еуропа чемпионатындағы ойынын жоғары бағалады.
Словения құрамасының ойынын Еуропа чемпионатындағы ойынын өз көзіммен көрдім. Олар норвегтер секілді жұлдызы жанған ойыншылары болмаса да, команда ретіндегі ойыны мықты. Бізді оңай матч күтіп тұрған жоқ. Біз олардың қалай, қандай ойын көрсететінін білеміз. Өз мүмкіндігімізді тауып, оны пайдалануға тырысамыз. Ойын нәтиже үшін болады, — деді Черчесов.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы бірінші ойында Алматыда Норвегиямен тең ойнады. Ал Словениямен ертең кеште ойнайтын болады. Матч Люблянада өтеді.