Колумбиялық танымал футболшы Хамес Родригес Америка кубогы жарысында 6-шы нәтижелі пасын берді. Осылайша әйгілі аргентиналық Лионель Мессидің рекордын жаңартты.
Месси 2021 жылы 5 рет ассист жасаған еді. Жартылай финалдағы нәтижеден кейін бір жарыста нәтижелі пас беру көрсеткіші бойынша Хамес алға шықты.
Финалда Хамес пен Месси (бұрынғы «Реал» мен «Барса» ойыншылары) бір-біріне қарсы ойнайды.
Тағы бір айта кететіні, “Сан-Паулуда” ойнайтын Хамес Родригеске «Атлетико» мен «Реал Сосьедад» ұсыныс жасап көрмек.