Четверг, 2 апреля, 2026
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
Футбол жаңалықтары
No Result
View All Result

Halyk қоры қолдаған ауыл жастары Түркияда топ жарды!

Halyk қоры қолдаған ауыл жастары Түркияда топ жарды!
Share on FacebookShare on Twitter

Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қорының «Ауыл спорт – 2025» жобасының жеңімпаздары халықаралық аренаға шығып, ел қоржынына бірден екі бірдей алтын салды.

2026 жылғы 25–29 наурыз аралығында Түркияның Анталия өңіріндегі Сиде қаласында өткен «Antalya Volleyball Friendship Cup U-16» халықаралық жастар турнирінде Қазақстанның жас спортшылары тарихи жетістікке қол жеткізді.

Оқи отырыңыз

Ауыл баласының арманы орындалды: Auyl Sport жеңімпаздары Сербияда алтын иеленді

Жәнібек Әлімханұлы Канелоны жекпе-жекке шақырды

Бұл додада Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылының қыздар командасы мен Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылының ұлдар командасы Қазақстан намысын қорғады. Ауылдан шыққан қарапайым балалардың қажырлы еңбегі, табандылығы мен жігері оларды үлкен жеңіске жеткізді.

 Halyk қоры жарысқа дейінгі дайындық кезеңін де жоғары деңгейде ұйымдастырды. Қыздар командасы Алматыдағы кәсіби волейбол орталығында жаттығып, техникалық және тактикалық шеберлігін жетілдірсе, ұлдар командасы Балқаш ауданының Бақанас ауылында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, физикалық дайындығын шыңдады. Бұл дайындық олардың әр ойында сенімді, жинақы және жігерлі өнер көрсетуіне негіз болды.

«Балалар біз ойлағаннан да жақсы ойнады. Halyk қайырымдылық қоры біздің барлық шығынды — оқу-жаттығу жиыны, жатын орын, тамақты төледі. Ауыл балаларына бұл — үлкен мүмкіндік. Біздің балаларға мұндай тәжірибе сыйлағаны үшін қорға алғыс айтамыз!» — дейді бапкер Ғалым Ғайнол.

Турнир барысында қазақстандық командалар қарсыластарын бірінен соң бірін айқын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алды. Қыздар финалда Түркияның «GAZI» клубымен кездесіп, 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Ал ұлдар құрамасы да дәл осы қарсыласты 2:1 есебімен ұтып, чемпион атанды.

«Бұл – бүкіл Қазақстанның жеңісі. Ауылдан шыққан жас спортшыларымыз халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, көк туымызды биікке көтерді. Бұл жетістік – олардың табандылығы мен еңбегінің, сондай-ақ, ауыл жастарына мүмкіндік берудің нақты нәтижесі. Біз алдағы уақытта да таланттарды қолдап, олардың үлкен спорттағы жолын жалғастыруға бар күшімізді саламыз», – деді Қордың Атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықұлы.

Жеке шеберлігімен ерекшеленген ойыншылар да назардан тыс қалмады. Қыздар құрамасының шабуылшысы Құралай Бәкен турнирдің үздік ойыншысы атанса, ұлдар командасынан Адмир Махамеджанов дәл осындай мәртебеге ие болды. Олардың өнері – бүкіл елдің мақтанышы.

«Жарыс өте әсерлі әрі қызық өтті. Онда әр елден келген мықты спортшылар болды. Оларды жеңу оңай болған жоқ, халықаралық дода шеберлікті талап етеді. Мұнда біз өзімізді емес, ел намысын қорғауды ойладық. Жарыс күнін асыға күттік. Дайындық барысы қызу өтті. «Ауыл спорт» жобасына дайындаған жатын орны, тамақ, шетелдегі естелік үшін рақмет. Алғысымыз шексіз. Бұл тек біздің емес, ата-анамыздың, бапкерлеріміздің, бүкіл ауылдың арманы», — деді жеңімпаздардың бірі Мағжан Әріпжанов.

Бұл жеңіс «Ауыл спорт» жобасының маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Ауылдан шыққан таланттарға мүмкіндік берілсе, олар халықаралық деңгейде де топ жарып, көк туды көкке көтере алатынына айқын дәлел. Қазақстанның көк байрағы Анталия төрінде екі рет желбіреді. Бұл — ел тарихындағы жас спортшылардың жарқын белесі.

Халықаралық турнир туралы не белгілі?

«Antalya Volleyball Friendship Cup U-16» – жыл сайын Түркияда өтетін халықаралық жастар турнирі. Турнирге әдетте Түркияның жетекші клубтарымен қатар, Азия мен Таяу Шығыс елдерінің командалары қатысады. Қазақстан командалары бұл турнирде сәтті дебют жасап, бірден чемпион атанып, халықаралық деңгейдегі әлеуетін айқын көрсетті.

Тегтер: Волейбол

Ұқсас жазбалар

Ауыл баласының арманы орындалды: Auyl Sport жеңімпаздары Сербияда алтын иеленді
Бас тақырып

Ауыл баласының арманы орындалды: Auyl Sport жеңімпаздары Сербияда алтын иеленді

15.04.2025
Жәнібек Әлімханұлы Канелоны жекпе-жекке шақырды
Бас тақырып

Жәнібек Әлімханұлы Канелоны жекпе-жекке шақырды

23.12.2024
Қазақ балуаны 1 жылда екі рет әлем чемпионы атанды
Бас тақырып

Қазақ балуаны 1 жылда екі рет әлем чемпионы атанды

04.11.2024
Қазақстан – Норвегия ойынын қайдан көруге болады?
Футбол

Қазақстан – Норвегия ойынын қайдан көруге болады?

07.09.2024
«Астана» Конференция лигасында «Челсимен» ойнайды
Футбол

«Астана» Конференция лигасында «Челсимен» ойнайды

04.09.2024
2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары өтетін ел анықталды
Қысқы спорт

2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары өтетін ел анықталды

25.07.2024
Тағы оқу

Ең көп оқылған

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

23.12.2024
Ауыл баласының арманы орындалды: Auyl Sport жеңімпаздары Сербияда алтын иеленді

Ауыл баласының арманы орындалды: Auyl Sport жеңімпаздары Сербияда алтын иеленді

15.04.2025
#АуылФутбол: «Алтын доп» иегерінің есімі белгілі болды

#АуылФутбол: «Алтын доп» иегерінің есімі белгілі болды

27.01.2025
Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

27.06.2024
Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

11.07.2024
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com

DODA Times сайты 2024 жылдың 16-тамызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінде № № KZ86VPY00098876 куәлігімен «Ақпараттық агенттік» болып тіркелді.

  • Бокс
  • Футбол
  • Футзал
  • Теннис
  • Дзюдо
  • Күрес түрлері
  • UFC
  • Жүзу
  • Хоккей
  • Қысқы спорт

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com