Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің жартылай финалында сүрінді. Ол жартылай финалда чех спортшысы Барбара Крейчиковаға жол берді.
2 сағат 9 минутқа созылған ойында Барбара 2:1 (6:3, 3:6, 4:6) есебімен жеңіске жетті. Бірінші сетті Елена сәтті өткізгенмен, кейінгі екі сетте қарсыласынан айласын асыра алмады.
Финалда Барбара Крейчикова италиялық Ясмина Паолинимен кездеседі.
Айта кетейік, Елена Рыбакина 2022 жылы «Уимблдон» жарысында топ жарған еді.