Пятница, 25 июля, 2025
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
Футбол жаңалықтары
No Result
View All Result

Елдос Сметов сыйға алған көлігін алғашқы бапкеріне мінгізді

Елдос Сметов сыйға алған көлігін алғашқы бапкеріне мінгізді
Share on FacebookShare on Twitter

2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов өзінің бірінші бапкеріне жаңа көлік сыйға тартты.

Бейсенбі күні Олимпиада чемпионы туған жері Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданына табан тіреді. Елдосты көруге келген халық санынан көз сүрінеді.  Осы сәтті пайдаланып аудан әкімі ерен еңбегі мен жеткен жетістігі үшін Сметовке жаңа автокөлік сыйға тартқан.

Оқи отырыңыз

Париждегі Олимпиадада Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы қайтыс болды

Қазақстаннан шыққан Олимпиада чемпионы әке атанды

Ел алдында сөз алған Сметов бұл көлікті өзінің бірінші бапкері, зейнеткерлікке шыққан, бірақ әлі де балаларды жаттықтыруды жалғастырып жатқан Ахмет Жұмағұлға беруді жөн санайтынын айтты.

«Міне, нағыз Олимпиада чемпионы! Бұл кісіге алғысым шексіз. Сізге көп рахмет! Бұл кісі қандай көлік мінсе де, аздық етеді…», — дейді үш дүркін Олимпиада жүлдегері.

Бұған дейін Сметовке екі көлік берілген – біреуі Алматыда, екіншісі Таразда. Сонымен қатар Тараз қаласында оған бес бөлмелі пәтер және 2,6 миллион теңге ақшалай сыйақы берілді. Оған қоса алтын медаль үшін 250 мың доллар (120 миллион теңгеге жуық) алады. Қазіргі жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев те автокөлік пен екі бөлмелі пәтермен марапатталды.

Тегтер: Елдос СметовОлимпиада 2024Париж Олимпиадасы

Ұқсас жазбалар

Париждегі Олимпиадада Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы қайтыс болды
Жаңалықтар

Париждегі Олимпиадада Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы қайтыс болды

08.08.2024
Қазақстаннан шыққан Олимпиада чемпионы әке атанды
Жүзу спорты

Қазақстаннан шыққан Олимпиада чемпионы әке атанды

29.07.2024
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте бірден 38 сатыға жоғарылады
Теннис

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте бірден 38 сатыға жоғарылады

22.07.2024
«Манчестер Сити» Доннарумаға ұсыныс жасады
Трансфер.Live

«Манчестер Сити» Доннарумаға ұсыныс жасады

22.07.2024
Жас балуандар Азия чемпионатында екінші орын алды
Күрес түрлері

Жас балуандар Азия чемпионатында екінші орын алды

22.07.2024
Олимпиададағы бокс кестесі жарияланды. Қазақтар қашан жұдырықтасады?
Бокс

Олимпиададағы бокс кестесі жарияланды. Қазақтар қашан жұдырықтасады?

23.07.2024
Тағы оқу

Ең көп оқылған

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

23.12.2024
Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

27.06.2024
Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

11.07.2024
Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

17.07.2024
Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

04.11.2024
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com

DODA Times сайты 2024 жылдың 16-тамызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінде № № KZ86VPY00098876 куәлігімен «Ақпараттық агенттік» болып тіркелді.

  • Бокс
  • Футбол
  • Футзал
  • Теннис
  • Дзюдо
  • Күрес түрлері
  • UFC
  • Жүзу
  • Хоккей
  • Қысқы спорт

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com