Теннис — Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары

Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайды
Қазақстандық теннисші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайды. Бұл туралы отандық теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Рыбакинаның жазғы ойындардан сырт қалуына денсаулығының сыр беруі себеп болған.

«Елена бронхиттің қабынуынан сырқаттанып қалды, дәрігерлер оның кортқа шығуына ғана емес, жарысқа ұшып келуіне де қатаң тыйым салды. Рыбакина жазғы ойынға белсенді түрде дайындалып, өзінің жоғары деңгейін көрсеткісі келген. Алайда, сырқатына байланысты бұл мүмкін болмады», — делінген федерация  хабарламасында.

Айта кетелік, Елена Рыбакина жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша румыниялық Кристиан Жаклинмен кездесуі  керек еді.

Рыбакина бұған дейін Токио Олимпиадасына қатысып, қола медаль үшін өткен матчта жеңіліс тапты.

Қазақстандық теннисшілердің Олимпиададағы қарсыластары анықталды
Теннистен Париж Олимпиадасының жеребесі тартылды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бірінші ойында румын қызы Кристиан Жаклинмен кездеседі.

Елена одан өтсен Наоми Осака/Анжелика Кербер жұбында жеңгенімен ойнайды. Әлемнің бірінші ракеткасы  Ига Швентекпен жартылай финалда ғана жолығуы мүмкін. Коко Гауф (әлемнің 3-ракеткасы), Жасмин Паолинимен (5-ракетка) финалда ғана жолы түйіседі.

Юлия Путинцева (әлемнің 30-ракеткасы) алғашқы кезеңде украиналық Марта Костюкпен кездеседі. Оны жеңсе Катерина Синякова /Клара Бюрель жұбында жеңгенімен ойнайды.

Ерлер

Александр Бублик – Тэйлор Фритц
Александр Шевченко – Якуб Менчик

Әйелдер

Елена Рыбакина – Кристиан Жаклин
Юлия Путинцева – Марта Костюк

Аралас жұптық сайыс

Александр Бублик/ Елена Рыбакина –Коко Гауф/Тэйлор Фритц

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте бірден 38 сатыға жоғарылады
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жариялаған әлемдік рейтингіде қазақстандықтардың орны белгілі болды. Өткен аптада Бостад (Швеция) ATP 250 турнирінің ширек финалына дейін жеткен Тимофей Скатов 223-тен бірден 38 сатыға жоғарылап, 185-тен бір-ақ шықты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 24-тен 25-ке, сондай-ақ Александр Шевченко 56-дан 58-ге сырғыса, Михаил Кукушкин 135-тен 132-ге, Денис Евсеев 160-тан 153-ке көтерілді.

Дмитрий Попко 186-дан 187-ге төмендеді.

Жұптық сында Александр Недовесов 49-дан 54-ке түссе, А.Бублик – 131, Андрей Голубев 148-орнын сақтап қалды.

Зарина Дияс WTA рейтингінде 264 саты жоғарылады
Ұзақ уақытқа созылған үзілістен кейін кортқа оралған қазақстандық теннисші Зарина Дияс жуырда ғана аяқталған «Уимблдон» жарысының іріктеуінде сәтті өнер көрсетті. Негізгі кезеңге өте алмаса да, бастапқы іріктеуде сенсация жасай білді.

Зарина алғашқы ойында тай қызы Мананчае Савангкаевты, одан кейін америкалық Сачия Викериді ұтты. Алайда іріктеудің финалында қытайлық Чжу Сян Байға жол беріп алды.

Екі бірдей сенсациялық жеңісінің нәтижесінде қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 264 саты жоғарылап, 702-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, биылғы «Уимблдон» жарысында чех спортшысы Барбора Крейчикова чемпион атанды. Ол жартылай финалда қазақстандық Елена Рыбакинаны ұтып, финалға шыққан еді.