Париж Олимпиадасы — Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары

Олимпиада аяқталды. Қазақстан нешінші орын алды?
Франция астанасы Парижде ұйымдастырылған XXXIII жазғы Олимпия ойындары аяқталды. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте 43-орынға тұрақтады.

Ел қоржынына алтын жүлдені дзюдодан 60 килоға дейінгі салмақта өнер көрсеткен Елдос Сметов салды. 2016 жылы Рио Олимпиадасында – күміс, 2021 жылы Токиода қола алған отандасымыз Парижде Олимп шыңын бағындырды. Осылайша отандасымыз Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ дзюдошысы атанды.

Гимнаст Нариман Құрбанов, балуан Демеу Жадыраев (77 кг) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 кг) Олимпиаданың күміс жүлдесін олжалады.

Грек-рим күресінің палуаны Демеу Жадыраев Олимпия ойындары тарихында араға 20 жыл салып осы спорт түрінен финалда белдесті. Ал Нариман Қазақстан гимнастика тарихында Олимпиадада медаль алған тұңғыш спортшы атағына ие болды. Нұрбек Оралбай бокстан Олимпиада тарихындағы 26-шы жүлдені ел қоржынына салды.

Ислам Сәтпаев пен Александра Ле (нысана көздеуден аралас жұптық сын), дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) және боксшы Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Жалпыкомандалық есепте АҚШ құрамасы көш бастады. Олар 40 алтын, 44 күміс, 42 қола медальмен соңғы сәтте Қытайды басып озды. Қытайлықтар 40 алтын, 27 күміс, 24 қоламен екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті 20 алтын, 12 күміс, 13 қола медаль иеленген Жапония құрамасы түйіндеді.

Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасының 78 атлеті 25 спорт түрінен сынға түсті. Соның ішінде 54-і алғаш рет Олимпиадаға қатысты. Сонымен қатар Париждегі дүбірлі додада жалпы 91 елдің спортшысы жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Айта кетейік, келесі жазғы Олимпия ойындары 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді.

Батырхан Төлеуғали Олимпиаданың ширек финалына шыға алмады
Қазақстан құрамасындағы ең жас спортшы Батырхан Төлеуғали Олимпиада ойындарының ширек финалына шыға алмады. Отандасымыз 1/8 финалда Симоне Алессиоға жол берді.

Екі дүркін әлем чемпионы атағына ие италиялық таеквондошы Батырханға айқын басымдығын танытып кетті. Енді жұбаныш жекпе-жегіне мүмкіндік болу үшін Алессионың финалға шыққаны керек.

Отандасымыз бірінші кездесуінде Исмаел Кулибалиден басым түскен еді.

9 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Париж Олимпиадасы да аяқталып келеді. Бүгін 6 спорт түрінен отандастарымыз бақ сынайды. Қазақстандықтар ойындарды Qazsport, Qazaqstan, «Хабар», «Ел Арна» және Jibek Joly арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Спорттық гимнастикада Нариман Құрбанов тарихи күміс жүлдеге қол жеткізді. Бокстан қыздар арасында Назым Қызайбай қола алды.

Кеше финалда бақ сынаған балуан Демеу Жадыраев пен боксшы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды.

Бүгін жарыс жолына шығатын спортшыларымызға сәттілік серік болсын.

• Таеквондо. 1/16 финал
12:00.   Батырхан Төлеуғали – Исмаел Кулибали

• Еркін күрес. 1/8 финал (125 кг)
15:00.  Юсуп Батырмұрзаев – Роберт Баран

• Каноэ есу. Жұптық сын. 500 м.
15:40. Мария Бровкова, Руфина Искакова

• Байдарка есу. Жұптық сын. 500 м. «В» финалы
16:20. Бекарыс Раматулла, Сергей Токарницкий

• Заманауи бессайыс. Жартылай финал. Семсерлесу, жүзу, конкур, лазер-ран
16:00. Георгий Борода-Дудочкин

• Жеңіл атлетика. 10 000 м жүгіру. Финал
23:57. Дейзи Джепкемей

8 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін кімдерден жүлде күтеміз?
Париждегі жазғы Олимпиада ойындары жалғасады. Бүгін отандастарымыз 6 спорт түрінен жарыс жолына шығады. Қазақстандықтар ойындарды Qazsport, Qazaqstan, «Хабар», «Ел Арна» және Jibek Joly арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Спорттық гимнастикада Нариман Құрбанов тарихи күміс жүлдеге қол жеткізді. Бокстан қыздар арасында Назым Қызайбай қола алды.

Кеше финалда бақ сынаған балуан Демеу Жадыраев пен боксшы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды.

Бүгін жарыс жолына шығатын спортшыларымызға сәттілік серік болсын.

Көркем гимнастика. Көпсайыс. Іріктеу
13:00, 18:00. Эльжана Таниева

Каноэ есу. Жекелей. 200 м. Іріктеу
13:30. Мария Бровкова

Қазіргі бессайыс. Іріктеу. Семсерлесу
14:00. Георгий Борода-Дудочкин
17:30. Елена Потапенко

Еркін күрес. 1/8 финал
14:30. 86 кг.  Азамат Дәулетбеков – Аарон Брукс
15:00. 57 кг.  Мейрамбек Қартбай – Бекзат Алмаз уулу

Құзға өрмелеу. Ширек финал
15:41.  Амир Маймұратов – Реза Әлипур

Жұптық каноэ есу. 500 м.
16:20. Сергей Емельянов, Тимур Хайдаров.

Нұрбек Оралбай Олимпиаданың күміс жүлдесін иеленді
Боксшы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Отандасымыз финалда украиналық Александр Хижнякқа жол берді.

80 килоға дейінгі салмақта өткен шешуші шайқаста Нұрбек барын салды. Қорғана жүріп, қарсыласының қапысын табуға ұмтылды. Раунд сайын төрешілердің есебі бөле жарылып отырды. Жекпе-жек қорытындысында Александр жеңіске жетті.

Нұрбек Оралбай Қазақстан ерлер құрамасы сапында жүлдеге іліккен жалғыз боксшы. Ол өзі қатысқан алғашқы Олимпиадада күміс жүлдегер атанды.

Бұл салмақта Александр чемпион, Нұрбек күміс алды. Қоланы Кристиан Хавьер Пиналес (Доминикан Республикасы) пен Арлен Лопес Кардона (Куба) иеленді.

Демеу Жадыраев Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды
Қазақ балуаны Демеу Жадыраев Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының    Отандасымыз финалда жапон балуаны Нао Кусакадан айласын асырды.

77 килоға дейінгі салмақтағы финалдық белдесуді Демеу ширақ бастады. Бірінші болып ұпай алды. Қарсыласына ескерту беріліп, отандасымыз екінші ұпайын алды. Осылайша қазақ балуаны бірінші кезеңде басым болып шықты.

Екінші кезеңді жапон балуаны шабуылмен бастап, бірден есепте алға шықты. Нәтижесінде есепте 5:2 Нао Кусака жеңіске жетті.

Бұл Қазақстан құрамасының қоржынына түскен 6-жүлде.

Демеу Жадыраев – жартылай финалда! Отандасымыз атақты қырғыз балуанын жеңді
Қазақ балуаны Демеу Жадыраев Париждегі Олимпиада ойындарындағы екінші белдесуінде қырғыз Ақжол Махмұдовты жарыс жолынан шығарды. Осылайша жартылай финалға жолдама алды.

Грек-рим күресінен 77 килоға дейінгі салмақта өткен белдесуде Демеу қарсыласын 3:1 есебімен жеңіп шықты. Ақжол қазақ балуанына басты қарсыластың бірі болатын. Екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы, Токиодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері болатын.

Жартылай финалдағы белдесулер Қазақстандағы уақытпен кешкі сағат 21:15-те басталады. Финалға жолдама үшін таласта ол Әзербайжан балуаны Санан Сүлеймановпен белдеседі.

Қазақ балуаны бірінші белдесуінде колумбиялық қарсыласын айқын жеңіп шыққан еді.

6 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін кімдерден жүлде күтеміз?
Париждегі жазғы Олимпиада ойындары жалғасады. Бүгін отандастарымыз 5 спорт түрінен жарыс жолына шығады. Қазақстандықтар ойындарды Qazsport, Qazaqstan, «Хабар», «Ел Арна» және Jibek Joly арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Спорттық гимнастикада Нариман Құрбанов тарихи күміс жүлдеге қол жеткізді. Жалпыкомандалық есепте 30-орында тұр.

Бүгін жарыс жолына шығатын спортшыларымызға сәттілік серік болсын.

• Байдарка мен каноэ есу:
Каноэ. Ерлер. Жұптық. 500 м. Іріктеу
13:30. Сергей Емельянов, Тимур Хайдаров
Каноэ. Әйелдер. Жұптық. 500 м. Іріктеу
14:00. Мария Бровкова, Руфина Искакова
Байдарка. Жұптық. 500 м. Іріктеу
14:30. Бекарыс Раматулла, Сергей Токарницкий

• Жеңіл атлетика:
110 м кедергілер арқылы жүгіру. Жұбаныш жарысы
13:50. Давид Ефремов
3000 м кедергілер арқылы жүгіру (стипль-чез). Финал
00:14. Нора Джеруто

• Грек-рим күресі. 1/8 финал (77 кг)
14:30.   Демеу Жадыраев – Джейр Куеро Муньос

• Құзға өрмелеу. Жылдамдық. Іріктеу
16:00. Амир Маймұратов

• Бокс. Жартылай финал (50 кг)
01:02.   Назым Қызайбай – Ву Ю

Айдос Сұлтанғали әйгілі қырғыз балуанын жеңе алмады
Қазақ балуаны Айдос Сұлтанғали Париждегі Олимпиада ойындарын сәтсіз бастады. Отандасымыз бірінші белдесуінде қырғыз спортшысы Жоламан Шаршенбековтен айласын асыра алмады.

Белдесуде бірінші болып Айдос ұпай алған. Қырғыздар челлендж беріп, ұпай алынып тасталды. Нәтижесінде екі балуан бірінші кезеңді 2:2 есебімен аяқтады.

Екінші кезеңде Жоламан шеберлік танытып, ұпай басымдығын арттырып кетті. Нәтижесінде 6:3 есебімен Айдос қарсыласына жол берді.

Айта кетейік, бұған дейін 130 килоға дейінгі салмақта Әлімхан Сыздықов ширек финалға шыққан еді.

Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалына шықты
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының финалына шықты. Отандасымыз жартылай финалда Доминикан Республикасының өкілі Кристиан Хавьер Пиналестен айласын асырды.

80 килоға дейінгі салмақта өткен жекпе-жекте отандасымыз шабуылда ширақ, қорғаныста мығым жұдырықтасты. Қарсыласына соққыларын дәл тигізіп, өз мүмкіндігін ұтымды пайдалана білді. Осылайша төрешілердің 3:2 шешімімен отандасымыз финалға жолдама алды.

Қолдаған қазақ еліне алғысымды айтамын. Мұнымен тоқтамаймыз. Алда финал. Ағайлардың айтуымен, тактикасымен бәрі ойдағыдай өтті. Қарсыласым осал болған жоқ, — деді жекпе-жек соңынан Нұрбек.

Нұрбек ұлттық құрама сапында жартылай финалға шыққан жалғыз боксшы болатын. Ерлер құрамасындағы өзге боксшылар жүлделі орынға жете алмады.