Футбол — Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті, — деп хабарлайды vesti.kz сайты.

Қазақстан футбол федерациясы таратқан ақпарат бойынша, еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды.

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен ғана тең ойнап, 1 ұпай жинады. Жаттықтырушы тұсында команда бірде-бір гол соқпады. Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.

#АуылФутбол: «Алтын доп» иегерінің есімі белгілі болды
25 қаңтарда Алматы төрінде #Aуыл Футбол жобасының басты шарасы – Aуыл Футбол AWARDS-2024 жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды, — деп хабарлайды dodatimes.kz.

Тимур мен Динара Құлыбаевтардың Halyk қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бұл жоба еліміздегі барлық ауылдық аймақтарындағы балалар арасында футболды дамыту және насихаттауға бағытталған.

Halyk қайырымдылық қоры Алматы филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов: «Бұл жоба «Halyk» қайырымдылық қорының еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұқтаж жандарды қолдауға және халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларының бірі. Қор ауылдағы спортты дамытуға осыған дейін 500 миллионға жуық қаржы бөлді. Қордың қолдауының арқасында балалар футболы жаңа деңгейге көтеріліп, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға жол ашылды», — деді.

Марапаттау нәтижелері:

Салтанатты шарада 15 номинация бойынша жеңімпаздар марапатталып, оларға Halyk қорының арнайы дипломдары мен ақшалай сыйлықтары табыс етілді. Шара қонақтары арасында танымал футболшылар, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен журналистер болды.

#АуылФутбол «Алтын добының» иегері 2024 жылдың «Үздік футболшысы» атанған Данияр ИСЛАМ өз әсерімен былай деп бөлісті: «Бала кезімнен футбол ойнағанды жақсы көремін, менің кумирлерім – әлемдік футбол жұлдыздары. Мен олармен әрқашан мақтанатынмын, үлгі алатынмын! Ал бүгін мен өзім жеңімпаз атандым!».

#АуылФутбол жобасының 2024 жылғы жетістіктеріне тоқталсақ. 2024 жылы жоба жаңа деңгейге көтерілді:

16 облыстан 114 команда, оның ішінде 128 жаттықтырушы және 4000-нан астам мектеп жасындағы балалар.

Қазақстан футбол федерациясының Ұлттық бағдарламасы бойынша 100 ауылдық жаттықтырушы оқудан өтіп, УЕФА D санатын алды.

1000-нан астам ойыншы футбол формасымен қамтамасыз етілген.

«Футболды басқару» курсын 25 жаттықтырушы аяқтады.

14 облыстық турнир және қорытынды республикалық турнир өткізілді.

Еске салайық, 2016 жылы Тимур мен Динара Құлыбаевтар құрған Halyk қайырымдылық қоры 120-дан астам әлеуметтік жобаны сәтті жүзеге асырып, 85 миллиард теңгеден астам көмек көрсеткен. Қордың негізгі бастамаларының қатарында ауылдық жерлерде спорттың дамуына ықпал ететін #АуылФутбол және «АУЫЛ СПОРТ» бағдарламалары бар.

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының чемпионы анықталды
Футболдан Қазақстан премьер-лигасы аяқталды. Соңғы турда «Атырауды» ұтқан «Қайрат» чемпиондық атақты иеленді, — деп хабарлайды msports.kz сайты.

«Атырауға» қарсы ойында «Қайратқа» жеңіс сыйлаған голды 59-минутта Георги Зариа пенальтиден соқты. Сондай-ақ алаң иелері сапынан Никита Степанов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Алматылық ұжым өз тарихында 4-ші рет ел чемпионы атанды. Бұған дейін 1992, 2004 және 2020 жылы топ жарған еді.

«Астана» күміс жүлдегер атанса,  «Ақтөбе» үздік үштікті түйіндеді.

Биылғы маусым қорытындысы бойынша Қарағандының «Шахтер» командасы Бірінші лигаға түсіп қалды. Келер маусымда «Оқжетпес» пен «Ұлытау» ҚПЛ-де ойнайды.

Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті
Алматы облысы Қарғалы ауылында «Halyk» қайырымдылық қорының қолдауымен «HALYK OPEN CUP — 2024» республикалық футбол турнирі өтті, — деп хабарлайды dodatimes.kz сайты.

Ауыл жастарының спортқа деген құштарлығын қолдауға бағытталған бұл іс-шара #АуылФутбол жобасының аясында жүзеге асырылды. Жарысқа «Halyk» қайырымдылық қоры қолдау көрсетті.

Турнирге HALYK OPEN CUP аймақтық жарыстарының жеңімпазы болған 32 команда қатысты. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 450 бала жасыл алаңда шеберліктерін көрсетті..

«Турнирлер көп, бірақ олар көбінесе ауыл командалары үшін  қолжетімсіз. Себебі формаға ақша керек, жарыстарға 50-100 мың теңге аралығында төлем жасау қажет. Одан өзге команданы тасымалдау шығыны бар. Бұл ауыл спортындағы негізгі мәселелер.  Ал бұл турнирде «Halyk» қайырымдылық қорының бас демеушілігімен  команда құрал-жабдықтармен және формамен қамтамасыз етіліп, турнирге қатысу үшін жол ақысы төленді және турнирге қатысу тегін, ешқандай алым жоқ. Бұл жолы еліміздің әр өңірінен келген 450 команданың да барлық шығындарын «Halyk» қоры көтеріп отыр», — дейді #АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мәмбетов.

Турнирдің чемпионы атағын Маңғыстау облысынан келген «Намыс-Қызыл төбе» командасы жеңіп алды. Команданың жаттықтырушысы Пердебек Қашқамбаев турнирдің «Үздік жаттықтырушысы» марапатын иеленсе, ал Абзал Баймұхан «Үздік ойыншы» атанды. Күміс жүлде Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан келген «Алтын төбе» командасына бұйырды. Бұл команданың шабуылшысы Омар Біржан 11 гол соғып, «Үздік шабуылшы» атағына ие болды. Алматы облысының «RedSapsans» командасы үшінші орынға қол жеткізіп, қақпашысы Нұрәлі Ғаниұлы «Үздік қақпашы» атанды.

«Үздік қорғаушы» номинациясымен Қостанай облысының «Рахат» командасының ойыншысы Артем Риттер және павлодарлық «Заря» командасының ойыншысы Богдан Краузе марапатталды. «FIR PLAY TROPHY» арнайы номинациясы адал ойын үлгісін көрсеткен Ақмола облысы, Целиноград ауданының «SPARTANS» командасына табысталды.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубоктар, медальдар және бағалы сыйлықтар, атап айтқанда футбол формалары, жаттығу киімдері, доптар және балаларға арналған кітаптар табысталды.

«Бұл жоба «Halyk» қайырымдылық қорының еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұқтаж жандарды қолдауға және халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларының бірі. Қор ауылдағы спортты дамытуға осыған дейін 500 миллионға жуық қаржы бөлді.

Сондай-ақ, 2016 жылы Тимур Құлыбаевтың жетекшілігімен құрылған «Halyk» қоры, осыған дейін 120-дан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырып, 85 миллиард теңгеге көмек көрсетті.

Қордың демеушілігінің арқасында #Ауылфутбол жобасы жаңа деңгейге көтерілді. Бір ғана мысал — жобадағы командалар санының қысқа мерзімде төрт есе, яғни 24 командадан 110 командаға дейін артып, жаттықтырушылар УЕФА-ның D санатындағы бағдарлама бойынша обіліктіліктерін арттырды. Қордың қолдауының арқасында балалар футболы жаңа деңгейге көтеріліп, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға жол ашылды», — дейді «Halyk» қайырымдылық қорының Алматы облысы филиалы директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Турнир аясында ауыл жаттықтырушыларына футбол менеджменті, SMM, спортшы балалардың психологиясы, инклюзивті балалармен жұмыс және балалар қауіпсіздігі жөнінде семинарлар мен тәжірибелік сабақтар өтті. Сонымен қатар, арнайы жаттығу сабағын өткізіп, инклюзивті «Бүркіт» командасы таныстырылды. Команда сөйлеу тілі бұзылған балалармен жұмыс істейтін орталық базасында құрылып, адаптивті футболды насихаттауға үлес қосуда.

Айта кету керек бұл ауқымды жұмыстар «Halyk» қайырымдылық  қоры мен жоба авторы Мәмбетов Серік Болатұлы арасындағы  меморандум аясында атқарылуда.

Аустрия мен Словенияға қарсы ойнайтын футболшылардың тізімі жарияланды
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазан айында өтетін Аустрия және Словения құрамаларына қарсы матчтарға шақырылған ойыншыларының нақты тізімін жариялады.

Нақты тізімге 28 футболшы енді. Оқу-жаттығу жиыны 5 қазан күні Аустрияның Кремс қаласында басталып, 9-на дейін жалғасады.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Стас Покатилов («Тобыл»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Роман Асранкулов («Тобыл»), Лев Скворцов («Шинник», Ресей), Асхат Балтабеков («Жетісу»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – «Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Аслан Дарабаев («Елім-ай»), Бақтияр Зайнутдинов («Бесіктас», Түркия), Ислам Чесноков («Тобыл»), Андрей Ульшин («Қайрат»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Жан-Әли Пайруз («Елім-ай»), Артур Шушеначев («Сочи», Ресей).

Оқу-жаттығу жиыны 5 қазан күні Аустрияның Кремс қаласында басталып, 9-на дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы қазан айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 10 қазан күні ұлттық құрама сырт алаңда Аустриямен кездеседі. Матч Линц қаласының «Райффайзен Арена» стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен сағат 23:45-те.

Үш күннен кейін біздің команда Словенияны қабылдайды. Ойын Алматының Орталық стадионында сағат 18:00-ге жоспарланған.

“Осы үшін сазайымызды берді“. Оразов Словениямен матчтағы қателік жайлы айтты
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Ұлттар лигасы топтық кезеңіндегі Словениямен матч туралы айтып берді.

Люблянда өткен кездесуде Станислав Черчесов жаттықтыратын команда 0:3 есебімен ұтылды.

«Бұл ойын туралы не айтарымды білмеймін. Өзімізден мүлде басқа ойын күттік. Бапкердің қойып бергенін орындамадық. Мұндай жеңілісті қабылдау ауыр. Меніңше, қателікті өзімізден іздеу керек, осы матчті сараптап, қателіктермен жұмыс істеу қажет. Біз бүгін қателеспейтін жерлерде көп қателестік, болмайтын сәттерде. Қарсылас осы үшін сазайымызды берді», — дейді Оразов.

«Біз біліп барған қателікке бой алдырдық» – Черчесов
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Станислав Черчесов Словениямен өткен матчтан кейінгі баспасөз жиынына қатысып, журналистер сұрағына жауап берді. Сондай-ақ ойын мен футболшыларға баға бере кетті, – деп хабарлайды dodatimes.kz тілшісі.

Нәтиже таблода тұр. Өкінішке қарай, бүгін Словения көп тұста мықты болды. Олар қағаз жүзінде де мықты еді. Бірақ біз ұпай аламыз деп келгенбіз. Олай болмады. Біз біліп келген қателікке бой алдырдық. Соның зардабын таттық, – дейді бапкер.

Станислав Черчесов «Стожице» стадионындағы жасыл желек жайлы сұраққа да жауап бере кетті.

Алаң екі командаға ортақ. Олар жақсы жағында, біз жаман жағында ойнаған жоқпыз. Олардың мықты ойыншылары басымдық алып кетті. Әйтпесе, біз екінші таймда жақсы-ақ ойнадық. Бірінші таймның бірінші жартысын сәтсіз өткіздік. Бұл енді алаңға үйрене алмау мен словендердің қысымы да болса керек. Ойынды кейін толық қарап, қандай да бір қорытындысын айтамын. Ал алаң жайлы сұрамағанда, айтпас та едім, — деді.

Қазақстан құрамасы екі ойында (Алматыдағы Норвегиямен кездесу) екі рет қана дәл соққы жасаған. Бұл статистика да журналистер назарынан тыс қалмады. Бұған да ресейлік маманның жауабы дайын болды.

Мен бірінші ойыннан кейін жігіттерге доппен көбірек жүруді айттым. Қарапайым жағдайда доптан айырылып қалмауды тапсырдым. Бір айдан кейін командада басқа күш болады деп ойлаймын. Себебі «В» тобы «С» тобындағыдай емес. Мұнда мықтылар ғана ойнайды. Біз көбірек шабуыл жасауға тырысатын ойын көрсетуді қолға аламыз, — дейді Черчесов.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 10 қазан күні сырт алаңда Аустрияға қарсы өткізеді.

“Шешконың шеберлігі!“ Словения Қазақстанды үшінші ойын қатарынан ұтып кетті
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасындағы екінші ойында ойсырай ұтылды. Словения өз алаңында Станислав Черчесов жинақтаған команданы 3:0 есебімен ұтты, – деп хабарлайды msports.kz тілшісі.

Матчтағы 3 голды да шабуылшы Беньямин Шешко соғып, хет-трик жасады. Бірінші таймда 23 және 28-минуттарда шеберлігімен көзге түссе, үшінші голын 63-минутта баспен соқты. Осылайша «Лейпциг» командасында ойнайтын футболшы Словенияға 3 ұпай сыйлады.

Қазақстан мен Словения құрамалары 2023 жылдан бері үшінші рет кездесті. Бұған дейін өткен екі матчта да Словения 2:1 есебімен ұтып кеткен болатын.

Екі тур қорытындысы бойынша Қазақстан 1 ұпаймен көш соңына жайғасты. Аустрия құрамасында да 1 ұпай бар, доп айырмасы бойынша алда. Словения мен Норвегия 4 ұпаймен алға озды.

Словения – Қазақстан ойынын қайдан көруге болады?
Бүгін түнде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасындағы екінші ойынын өткізеді. Сырт алаңда Словениямен ойнайды, – деп хабарлайды msports.kz.

Матч Люблянадағы «Сожице» стадионында өтеді. Қазақстандағы уақытпен сағат 23:45-те басталады. Тікелей эфирде QazSport арнасы хабар тарататын болады.

Тікелей эфир сілтемесі

Словения – Қазақстан ойынына португалиялық төреші Жоау Пинейра қазылық жасайды.

Топтағы екінші жұпта Норвегия мен Австрия құрамалары кездеседі.

Айта кетейік, топтағы бірінші турда құрамалар тең ойнады. Қазақстан Алматыда Норвегиямен 0:0 есебімен ойнаса, Австрия мен Словения 1:1 нәтижесімен тарқасқан болатын.

«Нәтиже үшін ойнаймыз»! Черчесов Словениямен өтетін ойын жайлы ойын айтты
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Станислав Черчесов Словениямен өтетін ойын алдындағы баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сұрағына жауап берді, – деп хабарлайды dodatimes.kz тілшісі.

Ресейлік маман Словенияға қарсы ойында нәтиже үшін ойнайтынын алға тартты. Сондай-ақ қарсылас команданың Еуропа чемпионатындағы ойынын жоғары бағалады.

Словения құрамасының ойынын Еуропа чемпионатындағы ойынын өз көзіммен көрдім. Олар норвегтер секілді жұлдызы жанған ойыншылары болмаса да, команда ретіндегі ойыны мықты. Бізді оңай матч күтіп тұрған жоқ. Біз олардың қалай, қандай ойын көрсететінін білеміз. Өз мүмкіндігімізді тауып, оны пайдалануға тырысамыз. Ойын нәтиже үшін болады, — деді Черчесов.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы бірінші ойында Алматыда Норвегиямен тең ойнады. Ал Словениямен ертең кеште ойнайтын болады. Матч Люблянада өтеді.