Еуро-2024 — Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары

Еуро — 2024. Финалдың бас төрешісі белгілі болды
Футболдан Еуропа чемпионатының финалына қазылық жасайтын төрешілер белгілі болды. Испания мен Англия арасында өтетін шешуші ойынға Франсуа Летексье бастаған француз төрешілері қазылық жасайды.

Франсуаға алаң жиегінде Сирил Мюнье мен Мехди Рахмуни көмектеседі. Ал төртінші арбитр қызметін поляк Шимон Марчиняк атқарады. Жером Бризар бас төрешінің VAR жүйесіндегі көмекшісі болады.

Француз маманы бастаған төрешілер бұған дейін топтық кезеңде Дания — Сербия және Хорватия — Албания ойындарына, 1/8 финалда Испания — Грузия кездесуіне төрелік жасаған.

Камбек жасаған Англия Еуропа чемпионатының финалына шықты
Футболдан Еуропа чемпионатының финалына шыққан екінші құрама анықталды. Англия жартылай финалда Нидерланд құрамасын ұтып, екінші жолдаманы иеленді.

Дортмундта өткен ойында ағылшындар камбек жасады. Бірінші болып 7-минутта Хави Симонс есеп ашты. Оның алыстан тепкен добын Пикфорд қайтарып үлгермеді.

Араға 10 минут салып, Англия құрамасы пенальти тебу мүмкіндігіне ие болды. Команда капитаны Харри Кейн 11 метрлік соққыны сәтті орындап, есепті теңестірді.

Ағылшындар жеңіс голын ойынның аяқталуына 1 минут қалғанда соқты. Екінші таймда Кейннің орнына алаңға шыққан Олли Уоткинс гол соғып, командасын финалға алып шықты.

Англия ұлттық құрамасы екінші Еуропа чемпионаты қатарынан финалға шығып отыр. Шешуші ойында Испания құрамасымен кездеседі.

Еуропа чемпионатының финалына шыққан алғашқы құрама анықталды
Футболдан Испания ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шықты. Олар жартылай финалда Франция құрамасын жарыс жолынан шығарды.

Испания мен Франция құрамалары арасындағы ойын тартысқа толы болды. Жанкүйерлер бірінші таймның өзінде-ақ үш гол көрді. Алаңға маскасыз шыққан Килиан Мбаппе нәтижелі пас беріп, Коло Муани баспен гол соқты. Нәтижесінде француздарды алға шығарды.

21-минутта Ламин Ямаль алыстан шиіре теуіп гол соғып, таразы басын теңестірді. Еуропа чемпионаты тарихында гол соққан ең жас ойыншы рекордын жаңартты.

Бірінші тайм аяқталғанға дейін «қызыл фурия» есепті теңестіріп қана қоймай, екінші голын да соқты. Дани Ольмо осы Еуропа чемпионатындағы үшінші голын соғып, мергендер тізіміне ілікті.

Екінші таймда құрамалар есепті өзгерте алған жоқ. 2:1 есебі сақталып, «қызыл фурия» финалға жолдама алды.

Финалға шыққан екінші құрама ертең Англия мен Нидерланд құрамалары арасындағы ойыннан кейін анықталады.

Еуропа чемпионатында гол соққан ең жас ойыншы рекорды жаңарды
Футболдан Еуропа чемпионаты тарихында гол соққан ең жас ойыншы рекорды жаңарды. Оны Испания құрамасының ойыншысы Ламин Ямаль жаңартты.

Жаңа рекорд жартылай финалдағы Франция мен Испания құрамалары арасындағы ойында тіркелді. 21-минутта оның алыстан шиіре тепкен добы қақпа торында тулады. Ол бұл голды 16 жас, 11 ай, 27 күн толғанда соқты.

Бұған дейін Еуропа чемпионатында гол соққан ең жас ойыншы Йохан Фонлантен еді. Швейцариялық футболшы гол соққанда 18 жас 141 күн толған еді.

Йохан Фонлантен – 18 жас, 141 күн (Швейцария — Франция 1:3, 21.06.2004)
Уэйн Руни – 18 жас, 237 күн (Англия — Швейцария 3:0, 17.06.2004)
Ренату Саншеш – 18 жас, 317 күн (Польша — Португалия 1:1, пен. 3:5, 30.06.2016)
Драган Стойкович – 19 жас, 108 күн (Франция — Югославия 3:2, 19.06.1984)
Арда Гүлер – 19 жас, 114 күн (Түркия — Грузия 3:1, 18.06.2024)
Криштиану Роналду – 19 жас, 128 күн (Португалия — Греция 1:2, 12.06.2004)
Ференц Бене – 19 жас, 183 күн (Испания — Венгрия 2:1, 17.06.1964)
Кристиан Киву – 19 жас, 238 күн (Англия — Румыния 2:3, 20.06.2000)
Патрик Клюйверт – 19 жас, 353 күн (Нидерланд — Англия 1:4, 18.06.1996)

Түркия – out. Нидерланд – жартылай финалда!
Футболдан Нидерланд құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты. Олар ширек финалдағы соңғы ойында Түркияны жарыс жолынан шығарды.

Ойынның бірінші таймында Түркия құрамасы басым болып шықты. 35-минутта Самет Ақайдын есеп ашты. Арда Гүлердің әуелете асырған добына бірінші болып жетіп, гол соқты.

Нидерланд құрамасы екінші таймда шабуылын үдетті. Нәтижесінде Де Врей 70-минутта баспен гол соғып есепті теңестірді.

Араға 6 минут сала Мерт Мюлдир өз қақпасына автогол соғып алды.

2:1 есебі сақталып, Нидерланд құрамасы жартылай финалға жолдама алды. Олар 1/2 финалда Англиямен кездеседі.

Англия құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты
Футболдан Англия ұлттық құрамасы Германиядағы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты. Олар ширек финалда Швейцарияны пенальти сериясында ұтып шықты.

Дюссельдорфта өткен ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Екі гол да екінші таймда соғылды. Бірінші болып 75-минутта Эмболо гол соғып, Швейцарияны алға шығарды.

Араға 5 минут сала Букайо Сака таразы басын теңестірді. Оның алыстан тепкен добын Ян Зоммер қайтара алмады.

Экстра-таймда құрамалар есепті өзгерте алған жоқ. Ал ойын соңындағы пенальти сериясында ағылшындардың бағы жанды. 5:3 есебімен жеңіске жеткен Англия жартылай финалға шықты.

Гарет Саутгейт командасы жартылай финалда Нидерланд – Түркия кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.

Еуропа чемпиондары еліне қайтты
Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына шыққан алғашқы құрама анықталды. Бұл жолдаманы алғаш болып Швейцария құрамасы жеңіп алды.

Берлинде өткен ойында Мұрат Якин жаттықтыратын құрама Италияны 2:0 есебімен ұтты. Осылайша қазіргі Еуропа чемпионы атағына ие «скаудра адзурра» еліне қайтты.

Ойында 37-минутта Ремо Фройлер есеп ашты. Ол Доннарума қорғаған қақпа алдында командаласының пасын сәтті қабылдап, гол соқты.

Екінші голды швейцариялықтар екінші тайм басталған тұста-ақ еншілеріне жазды. Бұл жолы Рубен Варгас алыс қашықтықтан қақпаны тура көздеді. Оның шиіре тепкен добы Италия құрамасының қақпасында тулады.

Швейцария құрамасы ширек финалда Англия – Словакия арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

Еуро-2024. Грузияны ойсырата ұтқан Испания Германияға қарсылас атанды
Футболдан Испания құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты. «Қызыл фурия» 1/8 финалда Грузияны 4:1 есебімен ұтты.

Кельнде өткен ойында бірінші болып грузиндер есеп ашты. 18-минутта Ле Норман өз қақпасына автогол соғып алды. Бірінші тайм аяқталғанға дейін испандар нәтижені теңестіре білді. 39-минутта Нико Уильямстың пасын сәтті пайдаланған Родри есепті теңестірді.

Екінші тайм толықтай Испанияның басымдығымен өтті. 51-минутта Фабиан Руис Ламин Ямальдың пасынан кейін есепте құрамасын алға шығарды. Ал Ямаль Еуропа чемпионаты тарихында нәтижелі пас берген ең жас ойыншы атанды.

Кездесу аяқталғанға дейін Нико Ульямс пен Дани Ольмо бір-бір голдан соқты. Осылайша Испания құрамасы Еуропа чемпионатының басты фавориті екенін тағы бір рет дәлелдеді.

Ширек финалда Испания Германиямен кездеседі.

Словакия сенсация жасай алмады. Англия – ширек финалда!
Футболдан Англия ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты. 1/8 финалда ағылшындар Словакия құрамасын қосымша уақытта ұтып шықты.

Гельзенкирхенде өткен ойынның негізі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. 25-минутта Иван Шранц Словакия құрамасын алға шығарды.

Ағылшындар есепті ойынның аяқталуына 2 минут қалғанда ғана теңестірді. Словактардың қорғанысы соңғы сәтте ғана сыр берді. Англияны жеңілістен құтқарып қалған – Джуд Беллингем.

Экстра-тайм басталған тұста-ақ Англия екінші голын соқты. Бұл жолы команда капитаны Харри Кейн мергендігімен көзге түсті. Осылайша ағылшындар абыройсыз қалудан аман қалса, Словакияға сәттілік жетіспеді.

Англия ширек финалда кеше ғана Италия құрамасын еліне қайтарған Швейцариямен кездеседі.

Германия драмаға толы ойында Данияны ұтты
Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына шыққан екінші құрама анықталды. Германия құрамасы 1/8 финалда даттарды 2:0 есебімен ұтты.

Дортмундта өткен ойын драмаға толы болды. Үш бірдей гол есепке алынбады. Ал бірінші таймның 35-минутында нөсер құйып, найзағай ойнады. Бас төреші Майкл Оливер ойынды тоқтатып, үзіліс жариялады. Нәтижесінде командалар күн райы түзелгеннен кейін барып алаңға қайта оралды.

Германия ойындағы екі голды да екінші таймда соқты. 53-минутта Кай Хаверц пенальтиді сәтті орындады. 68-минутта Джамаль Мусиала есепті еселеді.

Ширек финалда Германия құрамасы Испания – Грузия кездесуінде жеңіске жеткенімен ойнайды.

Айта кетейік, осыған дейін бірінші болып Италияны ұтқан Швейцария ширек финалға шыққан еді.