Пятница, 25 июля, 2025
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
Футбол жаңалықтары
No Result
View All Result

Ауыл спорты жаңа деңгейге көтеріледі: федерациялар мен Halyk қорының серіктестігі

Ауыл спорты жаңа деңгейге көтеріледі: федерациялар мен Halyk қорының серіктестігі
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда ауылдық жерлердегі балалар мен жасөспірімдердің спортқа қолжетімділігін арттыру, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында тағы бір маңызды қадам жасалды. 2024 жылы басталған AUYLSPORT жобасының аясында Halyk қайырымдылық қоры мен еліміздің баскетбол және волейбол федерациялары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Спорт – ауыл болашағының тірегі

Оқи отырыңыз

Құлыбаевтың қоры демеушілік көрсеткен ауыл балалары халықаралық турнирде тағы да жеңіске жетті

Ауыл балалары әлемдік жарыста жүлдегер атанды

Тимур және Динара Құлыбаевтар негізін қалаған Halyk қоры ауылдардағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларды қолдап келеді. Соның жарқын мысалы – AUYLSPORT жобасы.

Меморандум аясындағы жоспарлар

Ынтымақтастық аясында тараптар келесі бағыттарда жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр:

  • ауыл жастары үшін қолжетімді спорттық секциялар ашу;
  • жаттықтырушыларды қайта даярлау және кәсіби біліктілігін арттыру;
  • төрешілер корпусын жасақтау;
  • өңірлік, республикалық және халықаралық жарыстар өткізу;
  • спорт құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету.

Құжатқа Halyk қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов, ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының бас хатшысы Жұлдыз Байдусенова, сондай-ақ Қазақстан волейбол федерациясының вице-президенті Ермек Сырлыбаев қол қойды.

Жобаның алғашқы жетістіктері

2024 жылы іске қосылған жоба ауылдық өңірлерде үлкен қолдауға ие болды. Қысқа уақыт ішінде AUYLSPORT аясында барлық өңірде он мыңнан аса бала түрлі спорт түрімен жүйелі түрде айналыса бастады.

Жобаның нәтижелілігін дәлелдейтін басты оқиғалардың бірі – Сербияда өткен халықаралық Гимназиада. Бұл додада ел намысын қорғаған 22 спортшының 12-сі – дәл осы жоба аясында дайындалған жастар. Олар өз өнерлерімен Қазақстанның абыройын асқақтатып, AUYLSPORT бастамасының өміршеңдігін көрсетті.

Қазақстанның баскетбол және волейбол федерациялары – еліміздегі жетекші спорт ұйымдары. Олардың AUYLSPORT жобасына қосылуы ауыл спортын жаңа деңгейге көтереді. Бұл ынтымақтастық тәжірибелі жаттықтырушылар мен әдістемелік қолдауға жол ашып, ауыл балалары үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынады.

Halyk қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов өз сөзінде:

«Бүгін баскетбол және волейбол федерацияларымен жасалған меморандум – AUYLSPORT жобасының дамуына тың серпін беретініне сенеміз. Бұл серіктестік ауылдық жерлердегі спорт инфрақұрылымын нығайтып, жас спортшылардың дамуына кең жол ашады. Әрі олардың салауатты өмір салтын ұстануына септігін тигізеді», – деп атап өтті.

Бұл меморандум – ауыл жастарына жаңа мүмкіндіктер ұсынатын, бұқаралық спортты дамытатын және қайырымдылық мәдениетін ілгерілететін маңызды стратегиялық қадам. Тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықты одан әрі тереңдетіп, еліміздің барлық өңірлерінде ауыл спортының қолжетімділігін арттыру үшін жүйелі жұмыстар жүргізуге ниетті екендерін жеткізді.

Еске салайық,  AUYL SPORT жобасы 2024 жылы облыстық деңгейдегі турнирлерден бастау алды. Оған 200 ауылдан 12 мыңнан астам бала мен жасөспірім қатысып, спортқа деген қызығушылықтарын танытты. Баскетбол мен волейбол – жоба аясында қамтылған алты спорт түрінің ішінде. Жобаның республикалық турнирінің финалы еліміздің 17 облысынан 1300-ден астам жас спортшыны бір алаңда тоғыстырып, ауыл спортын жаңа деңгейге көтерді.

Halyk қайырымдылық қоры – еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұқтаж жандарды қолдауға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бастамаларға ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқан ірі ұйым. Қор ауылдағы спортты дамытуға 500 миллион теңгеге жуық қаржы бөлді. Сонымен қатар, осы күнге дейін 120-дан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырып, оған 85 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсады.

AUYL SPORT жасөспірімдерге арналған жаңа мүмкіндік, болашақ чемпиондарға алғашқы баспалдақ. Тимур Құлыбаевтың бастамасымен қолға алынған бұл жоба ауыл спортына серпін беріп, мыңдаған баланың өмірін өзгертіп жатыр.

Тегтер: «Halyk» қайырымдылық қоры#AUYLSPORT

Ұқсас жазбалар

Құлыбаевтың қоры демеушілік көрсеткен ауыл балалары халықаралық турнирде тағы да жеңіске жетті
Бұқаралық спорт

Құлыбаевтың қоры демеушілік көрсеткен ауыл балалары халықаралық турнирде тағы да жеңіске жетті

25.07.2025
Ауыл балалары әлемдік жарыста жүлдегер атанды
Бұқаралық спорт

Ауыл балалары әлемдік жарыста жүлдегер атанды

15.07.2025
Ауыл баласының арманы орындалды: Auyl Sport жеңімпаздары Сербияда алтын иеленді
Бас тақырып

Ауыл баласының арманы орындалды: Auyl Sport жеңімпаздары Сербияда алтын иеленді

15.04.2025
Auyl Sport жеңімпаздары халықаралық Гимназиадада ел намысын қорғайды
Бұқаралық спорт

Auyl Sport жеңімпаздары халықаралық Гимназиадада ел намысын қорғайды

04.04.2025
AUYL SPORT жобасы аясында үстел теннисі ауылды елдімекендерде де қолжетімді болады
Бұқаралық спорт

AUYL SPORT жобасы аясында үстел теннисі ауылды елдімекендерде де қолжетімді болады

20.03.2025
AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік
Бұқаралық спорт

AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік

03.03.2025
Тағы оқу

Ең көп оқылған

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

23.12.2024
Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

27.06.2024
Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

11.07.2024
Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

17.07.2024
Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

04.11.2024
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com

DODA Times сайты 2024 жылдың 16-тамызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінде № № KZ86VPY00098876 куәлігімен «Ақпараттық агенттік» болып тіркелді.

  • Бокс
  • Футбол
  • Футзал
  • Теннис
  • Дзюдо
  • Күрес түрлері
  • UFC
  • Жүзу
  • Хоккей
  • Қысқы спорт

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com