Пятница, 25 июля, 2025
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
Футбол жаңалықтары
No Result
View All Result

Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы облысы Қарғалы ауылында «Halyk» қайырымдылық қорының қолдауымен «HALYK OPEN CUP — 2024» республикалық футбол турнирі өтті, — деп хабарлайды dodatimes.kz сайты.

Ауыл жастарының спортқа деген құштарлығын қолдауға бағытталған бұл іс-шара #АуылФутбол жобасының аясында жүзеге асырылды. Жарысқа «Halyk» қайырымдылық қоры қолдау көрсетті.

Оқи отырыңыз

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

#АуылФутбол: «Алтын доп» иегерінің есімі белгілі болды

Турнирге HALYK OPEN CUP аймақтық жарыстарының жеңімпазы болған 32 команда қатысты. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 450 бала жасыл алаңда шеберліктерін көрсетті..

«Турнирлер көп, бірақ олар көбінесе ауыл командалары үшін  қолжетімсіз. Себебі формаға ақша керек, жарыстарға 50-100 мың теңге аралығында төлем жасау қажет. Одан өзге команданы тасымалдау шығыны бар. Бұл ауыл спортындағы негізгі мәселелер.  Ал бұл турнирде «Halyk» қайырымдылық қорының бас демеушілігімен  команда құрал-жабдықтармен және формамен қамтамасыз етіліп, турнирге қатысу үшін жол ақысы төленді және турнирге қатысу тегін, ешқандай алым жоқ. Бұл жолы еліміздің әр өңірінен келген 450 команданың да барлық шығындарын «Halyk» қоры көтеріп отыр», — дейді #АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мәмбетов.

Турнирдің чемпионы атағын Маңғыстау облысынан келген «Намыс-Қызыл төбе» командасы жеңіп алды. Команданың жаттықтырушысы Пердебек Қашқамбаев турнирдің «Үздік жаттықтырушысы» марапатын иеленсе, ал Абзал Баймұхан «Үздік ойыншы» атанды. Күміс жүлде Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан келген «Алтын төбе» командасына бұйырды. Бұл команданың шабуылшысы Омар Біржан 11 гол соғып, «Үздік шабуылшы» атағына ие болды. Алматы облысының «RedSapsans» командасы үшінші орынға қол жеткізіп, қақпашысы Нұрәлі Ғаниұлы «Үздік қақпашы» атанды.

«Үздік қорғаушы» номинациясымен Қостанай облысының «Рахат» командасының ойыншысы Артем Риттер және павлодарлық «Заря» командасының ойыншысы Богдан Краузе марапатталды. «FIR PLAY TROPHY» арнайы номинациясы адал ойын үлгісін көрсеткен Ақмола облысы, Целиноград ауданының «SPARTANS» командасына табысталды.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубоктар, медальдар және бағалы сыйлықтар, атап айтқанда футбол формалары, жаттығу киімдері, доптар және балаларға арналған кітаптар табысталды.

«Бұл жоба «Halyk» қайырымдылық қорының еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұқтаж жандарды қолдауға және халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларының бірі. Қор ауылдағы спортты дамытуға осыған дейін 500 миллионға жуық қаржы бөлді.

Сондай-ақ, 2016 жылы Тимур Құлыбаевтың жетекшілігімен құрылған «Halyk» қоры, осыған дейін 120-дан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырып, 85 миллиард теңгеге көмек көрсетті.

Қордың демеушілігінің арқасында #Ауылфутбол жобасы жаңа деңгейге көтерілді. Бір ғана мысал — жобадағы командалар санының қысқа мерзімде төрт есе, яғни 24 командадан 110 командаға дейін артып, жаттықтырушылар УЕФА-ның D санатындағы бағдарлама бойынша обіліктіліктерін арттырды. Қордың қолдауының арқасында балалар футболы жаңа деңгейге көтеріліп, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға жол ашылды», — дейді «Halyk» қайырымдылық қорының Алматы облысы филиалы директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Турнир аясында ауыл жаттықтырушыларына футбол менеджменті, SMM, спортшы балалардың психологиясы, инклюзивті балалармен жұмыс және балалар қауіпсіздігі жөнінде семинарлар мен тәжірибелік сабақтар өтті. Сонымен қатар, арнайы жаттығу сабағын өткізіп, инклюзивті «Бүркіт» командасы таныстырылды. Команда сөйлеу тілі бұзылған балалармен жұмыс істейтін орталық базасында құрылып, адаптивті футболды насихаттауға үлес қосуда.

Айта кету керек бұл ауқымды жұмыстар «Halyk» қайырымдылық  қоры мен жоба авторы Мәмбетов Серік Болатұлы арасындағы  меморандум аясында атқарылуда.

Тегтер: «Halyk» қайырымдылық қорыАуыл футболыҚарғалыфутбол

Ұқсас жазбалар

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті
Футбол

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

27.01.2025
#АуылФутбол: «Алтын доп» иегерінің есімі белгілі болды
Футбол

#АуылФутбол: «Алтын доп» иегерінің есімі белгілі болды

27.01.2025
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының чемпионы анықталды
Футбол

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының чемпионы анықталды

23.12.2024
Аустрия мен Словенияға қарсы ойнайтын футболшылардың тізімі жарияланды
Футбол

Аустрия мен Словенияға қарсы ойнайтын футболшылардың тізімі жарияланды

03.10.2024
“Осы үшін сазайымызды берді“. Оразов Словениямен матчтағы қателік жайлы айтты
Футбол

“Осы үшін сазайымызды берді“. Оразов Словениямен матчтағы қателік жайлы айтты

10.09.2024
«Біз біліп барған қателікке бой алдырдық» – Черчесов
Футбол

«Біз біліп барған қателікке бой алдырдық» – Черчесов

10.09.2024
Тағы оқу

Ең көп оқылған

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

23.12.2024
Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

27.06.2024
Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

11.07.2024
Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

17.07.2024
Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

04.11.2024
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com

DODA Times сайты 2024 жылдың 16-тамызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінде № № KZ86VPY00098876 куәлігімен «Ақпараттық агенттік» болып тіркелді.

  • Бокс
  • Футбол
  • Футзал
  • Теннис
  • Дзюдо
  • Күрес түрлері
  • UFC
  • Жүзу
  • Хоккей
  • Қысқы спорт

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com