Пятница, 25 июля, 2025
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
Футбол жаңалықтары
No Result
View All Result

Ауыл балалары әлемдік жарыста жүлдегер атанды

Ауыл балалары әлемдік жарыста жүлдегер атанды
Share on FacebookShare on Twitter

Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қорының «AUYL SPORT» жобасының шәкірттері алғаш рет халықаралық татамиде бақ сынап, ел абыройын асқақтатты. Екі жүлде — бүкіл ауылға шабыт пен сенім сыйлаған тарихи сәтке айналды.

Астанада өткен Kazakhstan Open 2025 халықаралық турнирі биыл ерекше оқиғамен есте қалды. Қазақстан каратэ федерациясы ұйымдастырған додада алты елден келген 560-тан аса спортшы өзара мықтыны анықтады. Ката, кумитэ және командалық кумитэ бойынша өткен 58 санаттағы тартыс биыл ауыл жастары үшін тарихи кезеңге айналды. Себебі алғаш рет халықаралық аренада қазақтың ауыл балалары өнер көрсетті.

Оқи отырыңыз

Құлыбаевтың қоры демеушілік көрсеткен ауыл балалары халықаралық турнирде тағы да жеңіске жетті

Ауыл спорты жаңа деңгейге көтеріледі: федерациялар мен Halyk қорының серіктестігі

Бұл – Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры жүзеге асырып жатқан «AUYL SPORT» нәтижесі. Жоба ірі кәсіпкер, спорт жанашары Тимур Құлыбаевтың ауылдағы талантты жастарға жол ашу жөніндегі стратегиялық бастамасы. Оның бастамасымен «Halyk» қоры бұқаралық спортты қолдауға жүйелі түрде қаржы бөліп келеді.

Жоба аясында іріктелген 6 ауыл баласы ел намысын қорғап, екі бірдей жүлдемен оралды. Маңғыстау облысы Қызылсай ауылының 14 жастағы спортшысы Матжан Мәдениет 52 келі салмақта күміс медаль жеңіп алса, Басқұдық ауылынан Анищенко Захар 60 келі салмақта қола жүлдеге ие болды. Бұл – бүкіл ауылға, ұстаз бен ата-анаға, жас жеткіншекке шабыт беретін тарихи сәт. Спортшылар татамиге тек медаль үшін емес, ауылдың намысын арқалап шықты.

«Бұл менің ғана емес, мені баптаған жаттықтырушымның, демеу болған ата-анам мен ауылдастарымның жеңісі. Алғаш рет шетелден келген қарсыластармен татамиге шықтым. Қобалжыдым, бірақ ауылдың үмітін ақтау үшін барымды салдым. Енді Әлем чемпионы боламын деген арманыма сенемін. “AUYL SPORT” жобасына және Halyk қорына шексіз алғыс айтамын», – дейді жас спортшы Матжан Мәдениет.

Айта кетейік, турнир қорытындысы бойынша, жастар құрамасы жасақталып, 2025 жылғы қыркүйекте Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алады.

Тимур Құлыбаевтың «Halyk» қоры турнирді жоғары деңгейде ұйымдастырған Қазақстан каратэ федерациясына алғыс білдіріп, жас спортшылардың бағын ашуға ықпал еткен кәсібилік пен адал еңбекті ерекше атап өтті.

«Бұл турнир ауыл балаларының арманына жол ашқан үлкен алаң. Біздің мақсат – әрбір ауыл баласына өз дарынын танытып, үлкен спортқа қадам басуға мүмкіндік беру. Kazakhstan Open 2025 – осы жолдағы маңызды белес. Бұл мүмкіндік бүгінгі жеңістен де маңызды», – деді Halyk қайырымдылық қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықұлы.

Айта кетейік, «AUYL SPORT» –  Тимур Құлыбаевтың «Halyk» қайырымдылық қоры қолға алған маңызды әлеуметтік жоба. Бағдарлама 2024 жылдан бастап ауылдық жерлерде бұқаралық спортты дамыту, талантты балаларды қолдау және кәсіби спортқа бағыттауға жұмыс істейді. Бүгінде бұл бастама аясында еліміздің түкпір-түкпірінде 10 мыңнан астам бала түрлі спорт түрімен жүйелі түрде айналысып жүр.

 AUYL SPORT бағдарламасының тиімділігін дәлелдейтін тағы бір айғақ – Сербияда өткен GYMNASIADE халықаралық сайысында 12 ауыл баласының 6 медаль жеңіп алуы. Енді сол тәжірибе Kazakhstan Open аясында жалғасып, ауыл спортшылары халықаралық аренаға сенімді қадам басып отыр.

 Ал Halyk қайырымдылық қоры – еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, әлеуметтік жауапкершілікті серік еткен ірі ұйым. Қор ауыл спортына ғана 500 миллион теңгеге жуық қаржы бөліп қоймай, жалпы саны 120-дан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырып, 85 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсаған.

Ұқсас жазбалар

Құлыбаевтың қоры демеушілік көрсеткен ауыл балалары халықаралық турнирде тағы да жеңіске жетті
Бұқаралық спорт

Құлыбаевтың қоры демеушілік көрсеткен ауыл балалары халықаралық турнирде тағы да жеңіске жетті

25.07.2025
Ауыл спорты жаңа деңгейге көтеріледі: федерациялар мен Halyk қорының серіктестігі
Бұқаралық спорт

Ауыл спорты жаңа деңгейге көтеріледі: федерациялар мен Halyk қорының серіктестігі

19.05.2025
Ауыл баласының арманы орындалды: Auyl Sport жеңімпаздары Сербияда алтын иеленді
Бас тақырып

Ауыл баласының арманы орындалды: Auyl Sport жеңімпаздары Сербияда алтын иеленді

15.04.2025
Auyl Sport жеңімпаздары халықаралық Гимназиадада ел намысын қорғайды
Бұқаралық спорт

Auyl Sport жеңімпаздары халықаралық Гимназиадада ел намысын қорғайды

04.04.2025
AUYL SPORT жобасы аясында үстел теннисі ауылды елдімекендерде де қолжетімді болады
Бұқаралық спорт

AUYL SPORT жобасы аясында үстел теннисі ауылды елдімекендерде де қолжетімді болады

20.03.2025
AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік
Бұқаралық спорт

AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік

03.03.2025
Тағы оқу

Ең көп оқылған

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

23.12.2024
Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

27.06.2024
Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

11.07.2024
Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

17.07.2024
Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

04.11.2024
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com

DODA Times сайты 2024 жылдың 16-тамызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінде № № KZ86VPY00098876 куәлігімен «Ақпараттық агенттік» болып тіркелді.

  • Бокс
  • Футбол
  • Футзал
  • Теннис
  • Дзюдо
  • Күрес түрлері
  • UFC
  • Жүзу
  • Хоккей
  • Қысқы спорт

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com