Пятница, 25 июля, 2025
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
Футбол жаңалықтары
No Result
View All Result

AUYL SPORT жобасы аясында үстел теннисі ауылды елдімекендерде де қолжетімді болады

AUYL SPORT жобасы аясында үстел теннисі ауылды елдімекендерде де қолжетімді болады
Share on FacebookShare on Twitter
🔥

AUYL SPORT жобасы өз ауқымын кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктер ұсынуда. Енді бағдарлама аясында ауылдық жерлерде тағы бір қызықты спорт түрі – үстел теннисі қолжетімді болмақ. Бұл бастама Тимур және Динара Құлыбаевтар негізін қалаған Halyk қайырымдылық қоры мен Қазақстан Республикасының Үстел теннисі федерациясы арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде жүзеге асуда.

Бұл келісімнің басты мақсаты – ауылдық аймақтарда үстел теннисін дамыту, балаларды спортқа тарту және жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыру.

Оқи отырыңыз

Құлыбаевтың қоры демеушілік көрсеткен ауыл балалары халықаралық турнирде тағы да жеңіске жетті

Ауыл балалары әлемдік жарыста жүлдегер атанды

AUYL SPORT жобасы аясында ауыл балалары жаңа мүмкіндіктерге ие болып, өз таланттарын дамытпақ.
Жоба аясында тараптар әдістемелік қолдау көрсету, жарыстар мен басқа да спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде келісімге келді. Сондай-ақ, бұл ынтымақтастық қайырымдылық мәдениетін дамыту мен бұқаралық спортты насихаттауға бағытталған.

“Ауылдық жерлерде спортты дамыту – біздің қордың басты міндеттерінің бірі. Біз өңірлерде бұқаралық спортты дамытуға арналған ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеміз. AUYL SPORT жобасына үстел теннисінің қосылуы – балалар мен жасөспірімдер үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы”, – дейді Halyk қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Үстел теннисі – әлемдегі ең қолжетімді спорт түрлерінің бірі. Ол қымбат жабдықтарды қажет етпейді және тіпті шағын ауыл мектептерінде де ұйымдастырылуы мүмкін. Қазақстанда бұл спорт қарқынды дамып келеді, ал AUYL SPORT жобасының арқасында ауылдық жерлердегі балаларға кәсіби деңгейге жетуге мүмкіндік ашылмақ.

AUYL SPORT – болашақ чемпиондарға арналған платформа

2024 жылы іске қосылған AUYL SPORT жобасы ауыл балаларына арналған ең ірі спорттық бастамаға айналды. Былтыр өңірлік турнирлерге 200 елді мекеннен 12 000 жас спортшы қатысып, ал финалға 17 өңірден 1 300 үздік қатысушы өнер көрсетті. Жобада қазірдің өзінде бокс, күрес, каратэ, баскетбол, волейбол және шахмат енгізілген, ал 2025 жылдан бастап үстел теннисі қосылады.

 2016 жылдан бері Halyk қоры білім беру, денсаулық сақтау және спортты дамытуға бағытталған 120-дан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.

AUYL SPORT – балаларға спортқа қолжетімділік беретін, олардың мінезін қалыптастырып, жаңа мүмкіндіктер ашатын жүйелі бастамалардың бірі. Бұл жоба әрбір баланың тұрғылықты жеріне қарамастан, спортпен айналысуына мүмкіндік беру арқылы олардың тағдырын өзгертеді.

“AUYL SPORT – бұл Halyk қорының Қазақстанның болашағына салған инвестициясы. Әрбір баланың өз әлеуетін ашуға мүмкіндігі болуы керек”, – дейді Ғалымбек Жақсылықов.

Ұқсас жазбалар

Құлыбаевтың қоры демеушілік көрсеткен ауыл балалары халықаралық турнирде тағы да жеңіске жетті
Бұқаралық спорт

Құлыбаевтың қоры демеушілік көрсеткен ауыл балалары халықаралық турнирде тағы да жеңіске жетті

25.07.2025
Ауыл балалары әлемдік жарыста жүлдегер атанды
Бұқаралық спорт

Ауыл балалары әлемдік жарыста жүлдегер атанды

15.07.2025
Ауыл спорты жаңа деңгейге көтеріледі: федерациялар мен Halyk қорының серіктестігі
Бұқаралық спорт

Ауыл спорты жаңа деңгейге көтеріледі: федерациялар мен Halyk қорының серіктестігі

19.05.2025
Ауыл баласының арманы орындалды: Auyl Sport жеңімпаздары Сербияда алтын иеленді
Бас тақырып

Ауыл баласының арманы орындалды: Auyl Sport жеңімпаздары Сербияда алтын иеленді

15.04.2025
Auyl Sport жеңімпаздары халықаралық Гимназиадада ел намысын қорғайды
Бұқаралық спорт

Auyl Sport жеңімпаздары халықаралық Гимназиадада ел намысын қорғайды

04.04.2025
AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік
Бұқаралық спорт

AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік

03.03.2025
Тағы оқу

Ең көп оқылған

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

23.12.2024
Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

27.06.2024
Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

11.07.2024
Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

17.07.2024
Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

04.11.2024
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com

DODA Times сайты 2024 жылдың 16-тамызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінде № № KZ86VPY00098876 куәлігімен «Ақпараттық агенттік» болып тіркелді.

  • Бокс
  • Футбол
  • Футзал
  • Теннис
  • Дзюдо
  • Күрес түрлері
  • UFC
  • Жүзу
  • Хоккей
  • Қысқы спорт

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com