Пятница, 25 июля, 2025
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
Футбол жаңалықтары
No Result
View All Result

Auyl Sport жеңімпаздары халықаралық Гимназиадада ел намысын қорғайды

Auyl Sport жеңімпаздары халықаралық Гимназиадада ел намысын қорғайды
Share on FacebookShare on Twitter

Auyl Sport жеңімпаздары халықаралық Гимназиадада ел намысын қорғайды

     4-14 сәуір аралығында Сербияның батысындағы көркем Златибор аймағында ISF U15 2025 мектеп оқушыларына арналған жыл сайынғы спорт фестивалі өтеді. Биыл бұл жарысқа 55 елден 2 500-ден астам жас спортшы қатысады. Қазақстан құрамасы 22 спортшымен ұсынылып, олар бокс, еркін күрес, шахмат және дзюдо спорт түрлерінде ел намысын қорғайды. Олардың 12-сі — Тимур Құлыбаевтың «Halyk» қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Auyl Sport жобасының жеңімпаздары.

Оқи отырыңыз

Құлыбаевтың қоры демеушілік көрсеткен ауыл балалары халықаралық турнирде тағы да жеңіске жетті

Ауыл балалары әлемдік жарыста жүлдегер атанды

Auyl Sport – ауыл спортын дамытуға бағытталған ірі бастама

2024 жылы іске қосылған Auyl Sport – ауыл балаларына арналған ең ірі республикалық спорттық жобалардың бірі. Өткен жылы 200 елді мекеннен 12 000 жас спортшы өңірлік турнирлерге қатысып, 17 облыстан 1 300 үздік спортшы финалда өз шеберліктерін көрсетті.

«Auyl Sport жобасының басты мақсаты – спортты дамыту ғана емес, балалардың тұратын жеріне қарамастан, оларға тең мүмкіндік беру. Сербиядағы Гимназиадаға ауыл спортшыларының қатысуы – осы мақсаттың жүзеге асып жатқанының айқын дәлелі. Бұл – көптеген балалар үшін халықаралық аренадағы алғашқы қадам, олар әлемнің ең үздік жас бәсекеге түсіп, Қазақстанның намысын қорғайды. Бұл – Auyl Sport жобасы үшін үлкен үміт сыйлайтын және шабыттандыратын бастама. Барлық спортшыларға сәттілік тілейміз!» – деп атап өтті «Halyk» қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Қазіргі таңда Auyl Sport аясында бокс, күрес, каратэ, баскетбол, волейбол және шахмат спорт түрлері бойынша жарыстар өткізіліп келеді. 2025 жылдан бастап жобаға үстел теннисі де қосылады.

Жеңімпаздар оқиғасы: арманға апарар жол

«Auyl Sport – мен үшін жай ғана жарыс емес, жаңа өмірге бастар жол. Осы жобаның республикалық турнирінде жеңімпаз атанып, Сербиядағы халықаралық Гимназиадаға бара жатқаным мен үшін үлкен жетістік. Ата-анам мен туған ауылымның үмітін ақтау үшін барымды саламын», – дейді Айбек Садық, Auyl Sport жобасының жеңімпазы.

«Мен өз баламның жетістіктерімен мақтанамын. Auyl Sport жобасы мен «Halyk» қорының қолдауының арқасында ол халықаралық аренада өз мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашты. Бұрын бұл біз үшін қол жетпес арман секілді көрінетін. Ата-ана ретінде біз зор алғысымызды білдіреміз. Бұл жоба әрбір балаға өз әлеуетін ашуға және өз арманына жақындауға мүмкіндік береді», – дейді жоба финалистерінің бірінің ата-анасы.

«Halyk» қоры – ауыл спортына серпін берген қолдау

Тимур Құлыбаевтың «Halyk» қайырымдылық қоры халықтың әл-ауқатын арттыруға және аз қамтылған азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Ауыл спортын дамытуға қор 500 миллион теңгеге жуық қаржы бөлді.

ISF U15 2025 – қазақстандық жас спортшылар үшін жаңа белестерге бастар мүмкіндік. Оларға жеңіс пен сәттілік тілейміз!

Ұқсас жазбалар

Құлыбаевтың қоры демеушілік көрсеткен ауыл балалары халықаралық турнирде тағы да жеңіске жетті
Бұқаралық спорт

Құлыбаевтың қоры демеушілік көрсеткен ауыл балалары халықаралық турнирде тағы да жеңіске жетті

25.07.2025
Ауыл балалары әлемдік жарыста жүлдегер атанды
Бұқаралық спорт

Ауыл балалары әлемдік жарыста жүлдегер атанды

15.07.2025
Ауыл спорты жаңа деңгейге көтеріледі: федерациялар мен Halyk қорының серіктестігі
Бұқаралық спорт

Ауыл спорты жаңа деңгейге көтеріледі: федерациялар мен Halyk қорының серіктестігі

19.05.2025
Ауыл баласының арманы орындалды: Auyl Sport жеңімпаздары Сербияда алтын иеленді
Бас тақырып

Ауыл баласының арманы орындалды: Auyl Sport жеңімпаздары Сербияда алтын иеленді

15.04.2025
AUYL SPORT жобасы аясында үстел теннисі ауылды елдімекендерде де қолжетімді болады
Бұқаралық спорт

AUYL SPORT жобасы аясында үстел теннисі ауылды елдімекендерде де қолжетімді болады

20.03.2025
AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік
Бұқаралық спорт

AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік

03.03.2025
Тағы оқу

Ең көп оқылған

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

23.12.2024
Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

27.06.2024
Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

11.07.2024
Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

17.07.2024
Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

04.11.2024
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com

DODA Times сайты 2024 жылдың 16-тамызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінде № № KZ86VPY00098876 куәлігімен «Ақпараттық агенттік» болып тіркелді.

  • Бокс
  • Футбол
  • Футзал
  • Теннис
  • Дзюдо
  • Күрес түрлері
  • UFC
  • Жүзу
  • Хоккей
  • Қысқы спорт

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com