Пятница, 25 июля, 2025
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
Футбол жаңалықтары
No Result
View All Result

AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік

AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу және бұқаралық спортты дамыту бағытында жаңа қадам жасалды. 

Тимур және Динара Құлыбаевтар негізін қалаған Halyk қайырымдылық қоры мен “Қазақстанның каратэ федерациясының одағы” ЗТБ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
      Бұл келісім ауылдық аймақтардағы спорт инфрақұрылымын жақсартуға, ауыл балалары мен жасөспірімдерін спортқа баулуға, бұқаралық спортты дамытуға, сондай-ақ ауылдық жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, бұл бастама жас спортшыларды қолдауға, олардың әлеуетін дамытуға және спорттық бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Құжатқа Halykқорының Атқарушы директоры Жақсылықов Ғалымбек Жақсылықұлы және «Қазақстанның каратэ федерациясының одағы» ЗТБ Бас хатшысы Молдағали Асқар қол қойды.
     Бүгінде еліміздің көптеген ауылдық аймақтарында спорт инфрақұрылымының жеткіліксіздігі, жаттықтырушылар мен төрешілердің тапшылығы байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, AUYL SPORT жобасы – ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ететін маңызды бастама.
Каратэ федерациясымен әріптестік – жобаның дамуына тың серпін береді

Оқи отырыңыз

Құлыбаевтың қоры демеушілік көрсеткен ауыл балалары халықаралық турнирде тағы да жеңіске жетті

Ауыл балалары әлемдік жарыста жүлдегер атанды

Бұл меморандум еліміздегі бұқаралық спортты дамыту мен қайырымдылық мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Құжатқа қол қойған тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықты тереңдетіп, ауылдық спорттың қолжетімділігін арттыру үшін бірлесе жұмыс істейтіндерін мәлімдеді.

Еске салайық,  AUYL SPORT жобасы 2024 жылы облыстық деңгейдегі турнирлерден бастау алды. Оған 200 ауылдан 12 мыңнан астам бала мен жасөспірім қатысып, спортқа деген қызығушылықтарын танытты. Каратэ – жоба аясында қамтылған алты спорт түрінің бірі. Жобаның республикалық турнирінің финалы еліміздің 17 облысынан 1300-ден астам жас спортшыны бір алаңда тоғыстырып, ауыл спортын жаңа деңгейге көтерді.

Ұқсас жазбалар

Құлыбаевтың қоры демеушілік көрсеткен ауыл балалары халықаралық турнирде тағы да жеңіске жетті
Бұқаралық спорт

Құлыбаевтың қоры демеушілік көрсеткен ауыл балалары халықаралық турнирде тағы да жеңіске жетті

25.07.2025
Ауыл балалары әлемдік жарыста жүлдегер атанды
Бұқаралық спорт

Ауыл балалары әлемдік жарыста жүлдегер атанды

15.07.2025
Ауыл спорты жаңа деңгейге көтеріледі: федерациялар мен Halyk қорының серіктестігі
Бұқаралық спорт

Ауыл спорты жаңа деңгейге көтеріледі: федерациялар мен Halyk қорының серіктестігі

19.05.2025
Ауыл баласының арманы орындалды: Auyl Sport жеңімпаздары Сербияда алтын иеленді
Бас тақырып

Ауыл баласының арманы орындалды: Auyl Sport жеңімпаздары Сербияда алтын иеленді

15.04.2025
Auyl Sport жеңімпаздары халықаралық Гимназиадада ел намысын қорғайды
Бұқаралық спорт

Auyl Sport жеңімпаздары халықаралық Гимназиадада ел намысын қорғайды

04.04.2025
AUYL SPORT жобасы аясында үстел теннисі ауылды елдімекендерде де қолжетімді болады
Бұқаралық спорт

AUYL SPORT жобасы аясында үстел теннисі ауылды елдімекендерде де қолжетімді болады

20.03.2025
Тағы оқу

Ең көп оқылған

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

23.12.2024
Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

27.06.2024
Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

11.07.2024
Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

17.07.2024
Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

04.11.2024
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com

DODA Times сайты 2024 жылдың 16-тамызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінде № № KZ86VPY00098876 куәлігімен «Ақпараттық агенттік» болып тіркелді.

  • Бокс
  • Футбол
  • Футзал
  • Теннис
  • Дзюдо
  • Күрес түрлері
  • UFC
  • Жүзу
  • Хоккей
  • Қысқы спорт

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com