Ағылшындық команда Дани Ольмоның трансфері бойынша жұмысын тездете бастады. Олар алдағы сейсенбіге дейін келісім жайын біржақты қылғысы келеді.
Журналист Джанлука Ди Марцио хабарлағандай, ойыншының «Лейпциг» командасымен келісімшартын ерте аяқтау құны 60 млн еуро шамасында. 20 шілдеге дейін осы бағада трансферді жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар.
Пеп Гвардиола Дани Ольмоның талантын мойындайтынын бұған дейін бірнеше рет айтқан. Ал Ольмоның өзі»Барселона» академиясының түлегі.
Қазіргі таңда «Манчестер Ситиден» бөлек, оған «Челси» мен «Барселона» да қызығушылық танытып отыр.