Шахматтан Әзербайжан елінің астанасы Бакуде ұйымдастырылған халықаралық турнир аяқталды. Отандасымыз Бибісара Асаубаева өз категориясында жеңімпаз атанды.
Биыл ұйымдастырылған «Баку Опен — 2024» жарысының жалпы есебінде Бибісара 19-орыннан көрінді. Ал өз категориясы бойынша әйелдер арасында бірінші орын алды.
Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын (23 миллион теңге шамасы) құрайды. Бибісара біріншы орын үшін 1,5 мың доллар (720 мың теңге) еншілейді.