Уимблдон жарысында сенсация! Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева WTA рейтингінде бірінші тұрған Ига Швентекті жарыс жолынан шығарды.
1 сағат 58 минутқа созылған ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші сетте Юлия қарсыласына 3:6 есебімен жол берді. Екінші сетте 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ал шешуші сетті сәтті бастап, 4:0 есебімен алға шықты. Нәтижесінде соңғы сетті 6:2 есебімен аяқтады. Осылайша Ұлыбританиядағы жарыста суперсенсация жасады.
1/8 финалда Юлия латвиялық Елена Остапенкомен (13) кездеседі.
Айта кетейік, Юлия жарыстың бірінші кезеңінде үш дүркін «Үлкен дулыға» жарысының жеңімпазы Анжелика Керберді ұтты. Одан кейін Олимпиада чемпионы Катерина Синяковадан айласын асырды.