«Скуадра адзурра» чемпиондық атағын қорғай алмады. 1/8 финалда Швейцарияға жол беріп, еліне ерте қайтты. Reppublica басылымы мұның себебін іздеп көріпті.
Басылым ақпараты бойынша, ойыншылар екіге бөлінген. Команданың жарты ойыншысы Спалеттидің дайындауына көңілдері толмаған. Сондай-ақ жарты команда жартылай қорғаушы Никола Фаджолидің шақырту алуына қарсы шыққан. Оны «стукач» деп күдіктенеді, оған қоса Сандро Тонали ісіне куәгер болған еді. Спалеттидің өзі жарыс кезінде командамда «стукач» бар деп айтып қалғаны бекер емес секілді.
Сондай-ақ ойыншылар бас бапкердің кей ісіне наразы. Мысалы, Хорватиямен болатын ойынға 2 сағат қалғанда ойын жүйесін өзгертіп, кей ойыншыларды негізгі құрамнан алып тастаған.
Италия футбол федерациясы болса Лучано Спалеттиді қызметінде қалдырды.