Лондондық команда орталық жартылай қорғаушының ауысып келгенін ресми түрде хабарлады. Бұған дейін Арчи Грей «Лидсде» ойнап келген еді.
Арчи «Лидс» академиясының түлегі. Өткен жылдың жазынан бері негізгі командаға іліккен.
Transfermarkt ақпараты бойынша, футболшының трансферлік құны 18 млн еуроны құрайды.