Пятница, 25 июля, 2025
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
Футбол жаңалықтары
No Result
View All Result

#АуылФутбол: «Алтын доп» иегерінің есімі белгілі болды

#АуылФутбол: «Алтын доп» иегерінің есімі белгілі болды
Share on FacebookShare on Twitter

25 қаңтарда Алматы төрінде #Aуыл Футбол жобасының басты шарасы – Aуыл Футбол AWARDS-2024 жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды, — деп хабарлайды dodatimes.kz.

Тимур мен Динара Құлыбаевтардың Halyk қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бұл жоба еліміздегі барлық ауылдық аймақтарындағы балалар арасында футболды дамыту және насихаттауға бағытталған.

Оқи отырыңыз

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының чемпионы анықталды

Halyk қайырымдылық қоры Алматы филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов: «Бұл жоба «Halyk» қайырымдылық қорының еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұқтаж жандарды қолдауға және халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларының бірі. Қор ауылдағы спортты дамытуға осыған дейін 500 миллионға жуық қаржы бөлді. Қордың қолдауының арқасында балалар футболы жаңа деңгейге көтеріліп, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға жол ашылды», — деді.

 Марапаттау нәтижелері:

 Салтанатты шарада 15 номинация бойынша жеңімпаздар марапатталып, оларға Halyk қорының арнайы дипломдары мен ақшалай сыйлықтары табыс етілді. Шара қонақтары арасында танымал футболшылар, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен журналистер болды.

#АуылФутбол «Алтын добының» иегері 2024 жылдың «Үздік футболшысы» атанған Данияр ИСЛАМ өз әсерімен былай деп бөлісті: «Бала кезімнен футбол ойнағанды жақсы көремін, менің кумирлерім – әлемдік футбол жұлдыздары. Мен олармен әрқашан мақтанатынмын, үлгі алатынмын! Ал бүгін мен өзім жеңімпаз атандым!».

#АуылФутбол жобасының 2024 жылғы жетістіктеріне тоқталсақ. 2024 жылы жоба жаңа деңгейге көтерілді:

 16 облыстан 114 команда, оның ішінде 128 жаттықтырушы және 4000-нан астам мектеп жасындағы балалар.

  Қазақстан футбол федерациясының Ұлттық бағдарламасы бойынша 100 ауылдық жаттықтырушы оқудан өтіп, УЕФА D санатын алды.

 1000-нан астам ойыншы футбол формасымен қамтамасыз етілген.

 «Футболды басқару» курсын 25 жаттықтырушы аяқтады.

  14 облыстық турнир және қорытынды республикалық турнир өткізілді.

Еске салайық, 2016 жылы Тимур мен Динара Құлыбаевтар құрған Halyk қайырымдылық қоры 120-дан астам әлеуметтік жобаны сәтті жүзеге асырып, 85 миллиард теңгеден астам көмек көрсеткен. Қордың негізгі бастамаларының қатарында ауылдық жерлерде спорттың дамуына ықпал ететін #АуылФутбол және «АУЫЛ СПОРТ» бағдарламалары бар.

Тегтер: Алтын допАуыл футболыДанияр ИСЛАМХалық қоры

Ұқсас жазбалар

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті
Футбол

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

27.01.2025
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының чемпионы анықталды
Футбол

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының чемпионы анықталды

23.12.2024
Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті
Футбол

Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

04.11.2024
Аустрия мен Словенияға қарсы ойнайтын футболшылардың тізімі жарияланды
Футбол

Аустрия мен Словенияға қарсы ойнайтын футболшылардың тізімі жарияланды

03.10.2024
“Осы үшін сазайымызды берді“. Оразов Словениямен матчтағы қателік жайлы айтты
Футбол

“Осы үшін сазайымызды берді“. Оразов Словениямен матчтағы қателік жайлы айтты

10.09.2024
«Біз біліп барған қателікке бой алдырдық» – Черчесов
Футбол

«Біз біліп барған қателікке бой алдырдық» – Черчесов

10.09.2024
Тағы оқу

Ең көп оқылған

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

23.12.2024
Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

27.06.2024
Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

11.07.2024
Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

17.07.2024
Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

04.11.2024
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com

DODA Times сайты 2024 жылдың 16-тамызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінде № № KZ86VPY00098876 куәлігімен «Ақпараттық агенттік» болып тіркелді.

  • Бокс
  • Футбол
  • Футзал
  • Теннис
  • Дзюдо
  • Күрес түрлері
  • UFC
  • Жүзу
  • Хоккей
  • Қысқы спорт

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com