Пятница, 25 июля, 2025
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
Футбол жаңалықтары
No Result
View All Result

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті
Share on FacebookShare on Twitter

🔖 21-22 желтоқсан күндері Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде ауыл балаларының басын қосқан ірі республикалық лига жарысы өтті. «AUYL SPORT-2024» деп аталатын республикалық турнирдің финалдың кезеңіне еліміздің 17 облысынан 1300-ден астам жас спортшы қатысты.

🔴 Тимур мен Динара Құлыбаевтардың «Halyk» қайырымдылық қоры ұйымдастырған ауқымды шара балалардың өздеріне сеніп, дарындарын көрсетуге мүмкіндік берді.

Оқи отырыңыз

Париж Олимпиадасына Қазақстаннан 80 спортшы қатысады

Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны әуесқой боксқа оралады 

🔼«AUYL SPORT» жобасы осыдан үш ай бұрын 200 ауылдан 12 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер қатысқан облыстық турнирлерден бастау алды. Олардың көпшілігі үшін бұл жарыс спорт биігіне аттаған алғашқы қадам болды.

🎉 «AUYL SPORT — бұл бәсекелестіктен гөрі, шабыт алаңы. Бұл ауыл балаларының жаңа көкжиектерін ашып, өзіне сеніп, үлкен жетістіктерге алғашқы қадам жасауына мүмкіндік. Біз олардың талантына сенеміз және олардың арманына жету жолында қолдау көрсетуге дайынбыз», – дейді «Halyk» қорының Алматыдағы филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

✔️ Ауыл балаларының болашағына инвестиция 2016 жылдан бері «Halyk» қайырымдылық қоры жалпы сомасы 85 миллиард теңгені құрайтын 120-дан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.

«AUYL SPORT» жобасы қордың ауылдық жерлерде бұқаралық спортты дамытуға бағытталған негізгі бастамаларының біріне айналды. Тек осы жобаға 500 миллион теңге бөлінді.

«Біздің мақсатымыз – спортты танымал ету ғана емес, қай жерде тұратынына қарамастан барлық балаларға тең мүмкіндіктер жасау. Мұндай бастамалар Қазақстанның болашағын құратын жастардың бойында сенім мен мінезді қалай арттыратынын көріп отырмыз», – деді Ғалымбек Жақсылықов.

Жеңіске алғашқы қадам

Турнирдің финалдық кезеңінде бокс, күрес, каратэ, баскетбол, волейбол және шахмат сияқты алты сайыс бойынша жарыстар өтті. Жарысқа қатысушылардың көбісі мұндай үлкен аренаға бірінші рет шықты.

«Көбінесе ауыл балаларына қаржылық жағдайға байланысты ірі турнирлерге қатысу қиынға соғады. «Halyk» қорының қолдауы оларға өздерін көрсетуге және жоғары деңгейдегі бәсекенің дәмін татуға мүмкіндік берді. Бұл маңызды, өйткені біздің Олимпиада чемпиондарының көбі ауылдан шыққан», — деді еркін күрестен Бас төреші болған Берік Шалабаев.

Турнир жеңімпазы Түркістан облысынан келген жас палуан Самир Рахманалиев өз әсері туралы былай деді:

«Мен өз атымды, ауылымның атын асқақтата алғаныма шексіз қуаныштымын! Бұл менің ең үлкен спорттық іс-шарам, мен ұйымдастырушыларға осы мүмкіндік үшін алғыс айтамын – эмоцияларды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!»

«АУЫЛ СПОРТ»: болашаққа шабыт

«Біз бұл жігіттердің арасында болашақ чемпиондар бар екеніне сенімдіміз. «AUYL SPORT» – жай жарыс емес, ол – қоғамымыздың кемел келешекке деген сенімінің мерекесі», – деп қорытындылады турнирді ұйымдастырушылар.

📊 AUYL SPORT-2024 жобасы – жаңа мүмкіндіктер ашатын және шабыттандыратын алаң. Бұл балаларға қайсарлық пен талант кез келген шекараны жеңе алатынын дәлелдеп үлгерді.

Тегтер: AUYL SPORT-2024балалар турнирі

Ұқсас жазбалар

Париж Олимпиадасына Қазақстаннан 80 спортшы қатысады
Мақала

Париж Олимпиадасына Қазақстаннан 80 спортшы қатысады

13.07.2024
Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны әуесқой боксқа оралады 
Мақала

Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны әуесқой боксқа оралады 

09.07.2024
Қазақстан боксы IBA-дан кетуі керек – Геннадий Головкин
Мақала

Қазақстан боксы IBA-дан кетуі керек – Геннадий Головкин

07.07.2024
Италия құрамасындағы дүрбелең. Спалеттиді кім сан соқтырды?
Мақала

Италия құрамасындағы дүрбелең. Спалеттиді кім сан соқтырды?

02.07.2024
Тағы оқу

Ең көп оқылған

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

23.12.2024
Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

27.06.2024
Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

11.07.2024
Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

17.07.2024
Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

04.11.2024
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com

DODA Times сайты 2024 жылдың 16-тамызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінде № № KZ86VPY00098876 куәлігімен «Ақпараттық агенттік» болып тіркелді.

  • Бокс
  • Футбол
  • Футзал
  • Теннис
  • Дзюдо
  • Күрес түрлері
  • UFC
  • Жүзу
  • Хоккей
  • Қысқы спорт

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com