Пятница, 25 июля, 2025
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024
No Result
View All Result
Футбол жаңалықтары
No Result
View All Result

Қазақстанда 12 мыңға жуық ауыл баласы қатысатын ауқымды жоба басталады

Қазақстанда 12 мыңға жуық ауыл баласы қатысатын ауқымды жоба басталады
Share on FacebookShare on Twitter

Алматыда «Halyk» қайырымдылық қорының қолдауымен ауыл спортын дамытуға арналған #AUYLSPORT жобасының таныстырылымы өтті.

Шарада #AUYLSPORT жобасының ауылдық аймақтардағы бұқаралық спортты дамытудағы рөлі мен маңызы, алдағы жоспарлар және өңірлерде өтетін спорттық іс-шаралар туралы толық ақпарат ұсынылды. Жобаны «Halyk» қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Жақсылықов Ғалымбек Жақсылықұлы таныстырды.

Оқи отырыңыз

Құлыбаевтың қоры демеушілік көрсеткен ауыл балалары халықаралық турнирде тағы да жеңіске жетті

Ауыл балалары әлемдік жарыста жүлдегер атанды

Таныстырылымға еліміздің спорт саласындағы мақтанышы, танымал спортшылар, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов және джиу-джитсудан 8 дүркін әлем чемпионы Жібек Құламбаев және өзге де спортшылар қатысты.

#AUYLSPORT жобасының негізгі мақсаты:

  • Ауылдық балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту;
  • Спортты насихаттау және бұқаралық спортты дамыту;
  • Ауылдағы жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру және жаңа дағдыларды үйрету.

Атап өту керек, жоба аясында 6 спорт түрін қамтуды көзделуде. Олар:

Бокс
Күрес
Карате
Баскетбол
Волейбол
Шахмат

«Елдегі спорт саласындағы жетістіктерді, көрсеткіштерді олимпиада ойындарымен байланыстыратынымыз жасырын емес. Олимпиада жүлдегерлерінің басым көпшілігі ауылдан шыққан спортшылар екен. «Халық» қайырымдылық қоры #АуылФутбол жобасын қолдау барысында кездескен мәселелерді назарға ала отырып және ауылдық елді мекендерде футбол ғана емес басқа да спорт түрлерін дамытуға үлес қосу үшін #АуылСпорт жобасын қолға алды. Жоба аясында еліміздің барлық өңіріен 6 спорт түрі бойынша 12 мыңға жуық ауыл баласын қамту көзделуде», — деп атап өтті шарада «Халық» қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Жоба қалай жүзеге асады?

Біріншіден, өңірлер аумақтарға бөліп, топтастырылған. Әр аймаққа координаторлар бекітілген.

  • Мамбетов Серік Болатұлы — оңтүстік өңірлер бойынша координатор (Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары);
  • Лекеров Айдос Сайранұлы  — батыс өңірлер бойынша координатор (Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары);
  • Нургужин Дәурен Дулатұлы  — солтүстік өңірлер бойынша координатор (Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары);
  • Ілиясов Алмас Әділұлы  — шығыс және орталық өңірлер бойынша координатор (Қарағанды, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстары).

«Жоба аясында жоғарыда айтқан 6 спорт түрінен 8-14 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдер арасында аймақтық турнирлер мен осы турнир жеңімпаздары арасында республикалық қорытынды жарыс ұйымдастыру, жаттықтырушыларды оқыту, олардың біліктілігін арттыру, тақырыптық семинарлар өткізу, судьялар ісіне, коммуникациялық дағдыларға және әлеуметтік желілерде жұмыс істеуге үйрету, турнир женімпаздарымен жүлдегерлерін спорттық формалар мен жаттығу құралдарымен қамтамасыз ету, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру, республикалық турнир жеңімпаздарын беделді республикалық және халықаралық турнирлерге қатысуын қамтамасыз ету, жыл қорытындысымен жобаның үздік спортшыларын марапаттау, #AUYLSPORT АWARDS сыйлығын тағайындаудың салтанатты іс-шарасын ұйымдастыру жоспарланып отыр», — дейді Ғалымбек Жақсылықов.

Бокс, күрес және каратэ спорты бойынша аймақтық турнирлер 4 салмақ дәрежесі бойынша (40 кг дейін, 40-50 кг, 50-55 кг, 55 кг және жоғары), баскетбол және волейбол 2 жас аралығы бойынша қыздар және ұлдар (10-14 жас аралығы және 14-17 жас аралығы), шахматтан 4 жас аралығы бойынша (6-8, 8-12, 12-14, 14-тен жоғары) жүргізіледі.

Өңірлік лиганың жеңімпаздары спорттық форма және жаттығу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Республикалық қорытынды лиганың жеңімпаз спортшылары мен командаларына арнайы орындарда оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, шарада Қазақ спорт және туризм академиясы мен «Halyk» қайырымдылық қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл меморандум ауылдық жерлерде спортты дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жаңа кезеңін бастайды.

Айта кетейік, бұл жоба «Halyk» қайырымдылық қорының еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұқтаж жандарды қолдауға және халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларының бірі. Қор ауылдағы спортты дамытуға осыған дейін 500 миллионға жуық қаржы бөлді.

Сондай-ақ, 2016 жылы Тимур Құлыбаевтың жетекшілігімен құрылған «Halyk» қоры, осыған дейін 120-дан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырып, 85 миллиард теңгеге көмек көрсетті.

Тегтер: «Halyk» қайырымдылық қоры#AUYLSPORTҒалымбек Жақсылықов

Ұқсас жазбалар

Құлыбаевтың қоры демеушілік көрсеткен ауыл балалары халықаралық турнирде тағы да жеңіске жетті
Бұқаралық спорт

Құлыбаевтың қоры демеушілік көрсеткен ауыл балалары халықаралық турнирде тағы да жеңіске жетті

25.07.2025
Ауыл балалары әлемдік жарыста жүлдегер атанды
Бұқаралық спорт

Ауыл балалары әлемдік жарыста жүлдегер атанды

15.07.2025
Ауыл спорты жаңа деңгейге көтеріледі: федерациялар мен Halyk қорының серіктестігі
Бұқаралық спорт

Ауыл спорты жаңа деңгейге көтеріледі: федерациялар мен Halyk қорының серіктестігі

19.05.2025
Ауыл баласының арманы орындалды: Auyl Sport жеңімпаздары Сербияда алтын иеленді
Бас тақырып

Ауыл баласының арманы орындалды: Auyl Sport жеңімпаздары Сербияда алтын иеленді

15.04.2025
Auyl Sport жеңімпаздары халықаралық Гимназиадада ел намысын қорғайды
Бұқаралық спорт

Auyl Sport жеңімпаздары халықаралық Гимназиадада ел намысын қорғайды

04.04.2025
AUYL SPORT жобасы аясында үстел теннисі ауылды елдімекендерде де қолжетімді болады
Бұқаралық спорт

AUYL SPORT жобасы аясында үстел теннисі ауылды елдімекендерде де қолжетімді болады

20.03.2025
Тағы оқу

Ең көп оқылған

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

Алматыда ауыл балалары арасында аламан турнир өтті

23.12.2024
Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

Еуро-2024. Плей-оффта бір-бірімен кездесетін құрамалар анықталды

27.06.2024
Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

Колумбия құрамасы 28 ойын қатарынан ұтылмай келеді

11.07.2024
Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

Бұрымды боксшыларымыз Олимпиада алдындағы соңғы дайындықтарына кірісті

17.07.2024
Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

Ауыл балалары армандаған доп додасы өтті

04.11.2024
Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com

DODA Times сайты 2024 жылдың 16-тамызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінде № № KZ86VPY00098876 куәлігімен «Ақпараттық агенттік» болып тіркелді.

  • Бокс
  • Футбол
  • Футзал
  • Теннис
  • Дзюдо
  • Күрес түрлері
  • UFC
  • Жүзу
  • Хоккей
  • Қысқы спорт

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Трансферлер
  • Мақала
  • LifeStyle
  • Париж Олимпиадасы
  • Еуро-2024

© 2024 DODA Times - Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтары dodatimes.kz@gmail.com