Бүгін түнде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасындағы екінші ойынын өткізеді. Сырт алаңда Словениямен ойнайды, – деп хабарлайды msports.kz.
Матч Люблянадағы «Сожице» стадионында өтеді. Қазақстандағы уақытпен сағат 23:45-те басталады. Тікелей эфирде QazSport арнасы хабар тарататын болады.
Тікелей эфир сілтемесі
Словения – Қазақстан ойынына португалиялық төреші Жоау Пинейра қазылық жасайды.
Топтағы екінші жұпта Норвегия мен Австрия құрамалары кездеседі.
Айта кетейік, топтағы бірінші турда құрамалар тең ойнады. Қазақстан Алматыда Норвегиямен 0:0 есебімен ойнаса, Австрия мен Словения 1:1 нәтижесімен тарқасқан болатын.