Қазақ балуаны Айдос Сұлтанғали Париждегі Олимпиада ойындарын сәтсіз бастады. Отандасымыз бірінші белдесуінде қырғыз спортшысы Жоламан Шаршенбековтен айласын асыра алмады.
Белдесуде бірінші болып Айдос ұпай алған. Қырғыздар челлендж беріп, ұпай алынып тасталды. Нәтижесінде екі балуан бірінші кезеңді 2:2 есебімен аяқтады.
Екінші кезеңде Жоламан шеберлік танытып, ұпай басымдығын арттырып кетті. Нәтижесінде 6:3 есебімен Айдос қарсыласына жол берді.
Айта кетейік, бұған дейін 130 килоға дейінгі салмақта Әлімхан Сыздықов ширек финалға шыққан еді.