Үстел теннисінен ұлттық құрама көшбасшысы Кирилл Герасименконың Олимпиададағы алғашқы қарсыласы анықталды. 1/32 финалда отандасымыз чилилік Николас Бургоспен кездеседі.
Кирилл Николасты жарыс жолынан шығарса, 1/16 финалда Германиядан келген Дан Кьюмен кездеседі. Ол әлемдік рейтингте 10-орында тұрған спортшы. Командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Еуропа чемпионы.
Үстел теннисінен жарыс 27 шілде күні басталады.